Аптап, жаңбыр және найзағай: 8 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 8 маусымда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын, жел күшейіп, бұршақ жауатынын болжайды. Елдің солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Елдің орталығы мен оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана — түнде +15…+17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 3-8, күндіз 7-12 метр секунд. Күндіз +31…+33 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Алматы — түнде +16…+18 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 метр секунд. Күндіз +28…+30 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Шымкент — түнде +16…+18 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 метр секунд. Күндіз +34…+36 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз

Ақмола облысы — күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17 жылы, күндіз 28-33 жылы. Көкшетау — түнде +13…+15 градус, көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 метр секунд. Күндіз +28…+30 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Алматы облысы — күндіз облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аудандарында 7-12 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың таулы аудандарында 20-25 жылы. Қонаев — түнде +16…+18 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 9-14 метр секунд. Күндіз +30…+32 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Жетісу облысы — облыстың шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай. 09 маусымда облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың таулы аудандарында 8 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың таулы аудандарында 27 жылы. Талдықорған — түнде +13…+15 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 4-9 метр секунд. Күндіз +31…+33 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз

Түркістан облысы — күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың таулы аудандарында 12 жылы, күндіз 35-40 градус өте қатты ыстық, облыстың таулы аудандарында 30 жылы. Түркістан — түнде +18…+20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 метр секунд. Күндіз +36…+38 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Батыс Қазақстан облысы — жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. 09 маусымда облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 20-25 жылы, 09 маусымда түнде 12-17, күндіз 25-30 жылы. Орал — түнде +12…+14 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +23…+25 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл.

Атырау облысы — жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. 09 маусымда облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 22-27 жылы, 09 маусымда 25-30 жылы. Атырау — түнде +15…+17 градус, көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Күндіз +24…+26 градус, көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай.

Маңғыстау облысы — облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 27-32, облыстың батысында 23 жылы, 09 маусымда 25-30, облыстың батысында 22 жылы. Ақтау — түнде +16…+18 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 7-12 метр секунд. Күндіз +22…+24 градус. көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Ақтөбе облысы — маусымда жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 28 жылы. Ақтөбе — түнде +14…+16 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-батыстан 9-14 метр секунд. Күндіз +18…+20 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл.

Солтүстік Қазақстан облысы — облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. 09 маусымда жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 22-27, облыстың оңтүстігінде 30 жылы. Петропавл — түнде +12…+14 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +27…+29 градус, бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл.

Қостанай облысы — облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 28-33 градус жылы. Қостанай — түнде +13…+15 градус, бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 9-14 метр. Күндіз +24…+26 градус, бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Павлодар облысы — облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. 09 маусымда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады. Павлодар — түнде +18…+20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 7-12 метр. Күндіз 33-35 градус қатты ыстық, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Қарағанды облысы — түнде +14…+19, облыстың оңтүстігінде +23 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 9-14 метр. Күндіз
+31…+36 градус қатты ыстық, облыстың шығысында +28 градус, күннің екінші жартысында облыстың шығысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Қарағанды — түнде +16…+18 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 7-12 метр. Күндіз +31…+33 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Ұлытау облысы — күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20 градус жылы, күндіз 32-37 градус қатты ыстық.Жезқазған — түнде +16…+18 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 7-12, күндіз екпіні секундына 15 метр. Күндіз +33…+35 градус қатты ыстық, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Шығыс Қазақстан облысы — облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың шығысында 12 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың шығысында 27 градус жылы. Өскемен — түнде +15…+17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 7-12 метр. Күндіз +30…+32 градус, көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Абай облысы — облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22 градус жылы, күндіз 32-37 градус қатты ыстық. Семей — түнде +15…+17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 7-12 метр. Күндіз +30…+32 градус, көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Қызылорда облысы — облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. 09 маусымда облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-23 градус жылы, күндіз 35-40 градус қатты ыстық, 09 маусымда 30-35 градус жылы. Қызылорда — түнде +20…+22 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 9-14 метр. Күндіз +36…+38 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Жамбыл облысы — күндіз облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аудандарында 10 градус жылы, күндіз 34-39 градус қатты ыстық, облыстың таулы аудандарында 30 градус жылы. Тараз — түнде +17…+19 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 9-14 метр. Күндіз +33…+35 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.