Жаңа жылдық шараларда өрт қауіпсіздігі – міндетті талап

Жаңа жыл және рождестволық мерекелер қарсаңында мәдени-көпшілік шаралар көбейіп, мекемелер мен ұйымдарда ғимараттарды безендіру, электр гирляндтары мен пиротехникалық бұйымдарды қолдану жиілейді. Осыған байланысты өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесі ерекше маңызға ие.

Рудный қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Қабыкен Ермаханның айтуынша, мерекелік іс-шаралар өтетін барлық нысандарда эвакуациялық шығу жолдарының ашық болуы, өрт туралы хабарлау және өрт сөндіру жүйелерінің жарамды күйде тұруы қатаң бақылауда болуы тиіс. Өту жолдарын жиһазбен, сахналық декорациялармен немесе басқа да заттармен жабуға жол берілмейді.

«Жаңа жылдық шаралар кезінде адамдар көп жиналатындықтан, кез келген ұсақ тәртіп бұзушылықтың өзі қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан жауапты тұлғалар алдын ала барлық эвакуациялық жолдарды тексеріп, алғашқы өрт сөндіру құралдарының қолжетімді болуын қамтамасыз етуі қажет», – деді Қабыкен Ермахан.

Ғимараттарды безендіру кезінде де өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау маңызды. Шыршалар мен залдарды тек зауытта шығарылған, ақаусыз электр гирляндтарымен безендіруге рұқсат етіледі. Ашық отты, шамдарды, бенгаль оттарын және қолдан жасалған жарық құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Шырша орнықты негізге орнатылып, жылу беру және электр жабдықтарынан қауіпсіз қашықтықта орналасуы тиіс.

«Тәжірибе көрсеткендей, өрт оқиғалары көбіне жарамсыз электр сымдары мен дұрыс қолданылмаған гирляндтардан туындайды. Сондықтан тұрғындар мен ұйымдар бұл мәселеге немқұрайлы қарамауы керек», – деп атап өтті ТЖБ өкілі.

ТЖБ өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтау өрттің алдын алуға көмектесетіндігін еске салады:

  1. Адамдаржаппай болатын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде:

1) кемінде екі эвакуациялық шығу жолымен қамтамасыз етілген және жанғыш қалқалары бар ғимараттарда екінші қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар ғана пайдаланылады;

2) жаңа жылдық шыршалар тұрақты негізде орнатылады, олармен үй-жайдан шығатын есіктерді үйіп тастауға жол берілмейді;

3) шыршаның бұтақтары қабырғалар мен төбелерден кемінде 1 м қашықтықта орналастырылады;

4) үй-жайда электр жарығы болмаған жағдайда мерекелік іс-шаралар тәуліктің жарық уақытында ғана өткізіледі;

5) иллюминация электр қондырғыларын орнату қағидаларын сақтай отырып орындалады.

6) иллюминацияда ақау табылған жағдайда ол дереу қуаттан ажыратылады;

7) іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және зал үй-жайларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың кезекшілігі ұйымдастырылады. Іс-шаралар өткізілетін үй-жайлар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі

  1. Мына нәрселерге рұқсат етілмейді:

1) іс-шараларды үй-жайлардың терезелерінде торлар болған кезде жүргізуге;

2) доғалы прожекторларды, шырақтар мен шақпақтарды қолдануға, отшашулар, жарықтың өрт қауіпті әсерлерін қоюға;

3) отпен жүргізілетін, сырланатын, жарылыс, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге;

4) үй-жайларды қараңғылау үшін терезелердегі жапқыштарды пайдалануға;

5) қатарлар арасындағы өту жолдарының енін азайтуға және өту жолдарына қосымша креслолар, орындықтар орнатуға;

6) қойылымдар кезінде үй-жайдағы жарықтандыруды толығымен өшіруге;

7) үй-жайларды жобалық құжаттамада белгіленген нормадан тыс адамдармен толтыруға

  1. Ашық от көзін қолдана отырып, басқарылмайтын ұшатын фонарьларды пайдалануға және іске қосуға жол берілмейді.
  2. Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде рұқсат етілмейді:

1) отшашуларды ғимараттар мен құрылыстардан 50 м-ден жақын жерде, ағаштардың шатырлары мен шатырларының астында ұйымдастыруға;

2) оларды желді ауа райында қолдану.

  1. Ғимараттар мен құрылыстарда көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізуге өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғаның өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін профилактикалық тексеруден өткізгеннен кейін ғана жол беріледі.

Пиротехникалық бұйымдарды қолдану тек ашық алаңдарда және нұсқаулық талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Ғимараттардың маңында, электр желілеріне жақын және адамдар көп жиналған жерлерде фейерверк атуға тыйым салынады. Сондай-ақ балалардың пиротехниканы ересектердің бақылауынсыз пайдалануына жол бермеу қажет.

Мамандардың айтуынша, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тұрғындардың өмірі мен мүлкін қорғауға мүмкіндік береді және жаңа жылдық мерекелердің қауіпсіз әрі көңілді өтуіне жағдай жасайды.

 

Гүлім МҰРАТ,

сурет ғаламтор желісінен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *