Жұмыс сапарымен Рудный қаласына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесшісі Нұрлан Тельманұлы Уранхаев келді

Сапар барысында ол қаланың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Рудный ЖЭС-да Кеңесшіге жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижелері таныстырылды. Бұл шаралар алдағы қыс мезгілінде жылумен қамтуды сенімді әрі үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Кеңесші «Рудный жылу желілері» ЖШС-нің нысандарында – №1 сорғы станциясында және магистральдық жылу желілері учаскесінде болды. 2025 жылға арналған жөндеу бағдарламасы бойынша 14,88 шақырым құбырды жаңарту жоспарланған, оның 14,7 шақырымы аяқталып, жоспардың 98,8 %-ы орындалды.

Барлық гидравликалық сынақтар жүргізіліп, анықталған ақаулар жойылды, ал сорғы станциялары жабдықты жаңғыртудан кейін жылу беруге толық дайын.

Осылайша, 2025 жылдың 1 қыркүйегіне қарай Рудный қаласындағы барлық жылу нысандары жылу беру маусымына толық дайын болады. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарын қысқы кезеңде үздіксіз және сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *