4 қыркүйекте Қостанайда кітап оқуды насихаттауға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» мәдени-ағартушылық жобасы таныстырылды. Ол Қазақстанды әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына шығаруды көздейді.
Жоба аясында «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет» және «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағыттары бойынша байқаулар өткізіледі. Қатысушылар 20 қыркүйекке дейін https://reading-nation.kz/kk/ сайтынатіркеліп, арнайы әзірленген 15 кітапты ақпан айына дейін оқып, шығармашылық тапсырмалар мен зияткерлік сайыстарға қатысады.

2025 жылы жобамен Қостанай облысының 45 мыңнан астам тұрғыны қамтылмақ. Байқау 2026 жылдың сәуіріне дейін жалғасады. Жеңімпаздарға 1 млн теңгеге дейін сыйақы қарастырылған.




Ұйымдастырушылар – «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоры және Қостанай облысы әкімдігі, «Аманат» партиясының қолдауымен.