Рудныйда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік өтті

Рудный қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Акцияға қалалық мәслихат депутаттары, әкімдік қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, еріктілер, жастар бірлестіктері және белсенді қала тұрғындары қатысты.

Тазалау жұмыстары қаланың барлық аумақтарында – көшелерде, аллеяларда, саябақтарда, мектептер мен балабақшалардың аумағында, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдар маңында жүргізілді. Қатысушылар сынған бұтақтар мен түскен жапырақтарды жинап, жол жиектері мен тротуарларды тазалап, аумақты көркейтуге өз үлестерін қосты.

Рудный қалалық мәслихаты аппаратының қызметкерлері де сенбілікке шығып, көшелер мен жасыл аймақтарды тазалады. «Рудный  су арнасы» ЖШС ұжымы Студенттер көшесі бойындағы аумақты ретке келтіріп, қоқыс пен жапырақтарды жинады.

Сондай-ақ Горняцкий кентінің тұрғындары мен «Арман» клубының қызметкерлері «Біз Таза Қазақстан үшін» атты сенбілік ұйымдастырып, ауыл аумағын тазартуға атсалысты.

Қала әкімі атап өткендей, Рудныйдың тазалығы – әр тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінің айғағы. Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қаланың жайлылығын арттыруға бағытталған.

#ТазаҚазақстанүшін #ЗаТазаКазахстан #РудныйГородОтветственныхЛюдей #ЧистыйГородДелоКаждого

 

Гүлім МҰРАТ,

Суреттер әлеуметтік желілерден алынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *