Рудный қаласында шетелдік туристерге мемлекеттік қызмет алу барысында жаңа мүмкіндік ұсынылды. Енді ПБ және ХҚКО-ға жүгінген шетелдік қонақтарға арнайы QR-коды бар карталар беріледі.
QR-код көптілді safetravel.kz порталына апарады. Сайт қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде қолжетімді. Онда туристер үшін пайдалы ақпарат топтастырылған:
• полициямен жедел байланыс орнатуға арналған «102» мобильді қосымшасын «SOS» батырмасымен орнату жөнінде нұсқаулық;
• тіркеу ережелері мен көші-қон бақылауына қатысты талаптар;
• такси сервистері мен қосымшаларының тізімі және жол жүру құнына қатысты мәліметтер;
• ұялы байланыс операторлары мен SIM-карталардың бағасы туралы ақпарат.
Рудный қаласының ПБ дерегінше, бұл сервис шетелдік туристердің қалада өзін жайлы әрі қауіпсіз сезінуіне жағдай жасауға бағытталған.