Рудныйда құны 500 миллиард теңгеге брикеттелген темір зауыты салынады

Бұл жайында қала әкімі халықен кездесу жиынында хабар етті.

Рудныйда толық қуатымен инвестициялық жоба басталады. Бұл — 2027 жылға дейін 22 жоба, 532 млрд теңгеге жуық инвестиция және 1307 жаңа жұмыс орны. Сонымен қатар қалады ең ірі өнеркәсіптік жоба — қуаттылығы жылына 2 миллион тонна ыстық брикеттелген темір зауытының құрылысын «ССГПО» АҚ жүзеге асыруда.

Жобаның құны 500 миллиард теңгеден асады, 750 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Зауыт 2027 жылдың желтоқсан айында іске қосылады деп күтілуде. Сонымен қатар, газ, құрылыс материалдары, реагенттер мен қоқыс өңдеу зауыттары да қала экономикасына жан бітіріп жатыр.

Зауыт өңірді индустриялық түрлендірудің маңызды элементіне айналып, қала бюджетінің кірісін жыл сайын 5 миллиард теңгеден астамға ұлғайтады. Түптеп айтқанда — нағыз индустриялық серпіліс!

 

Айгерим Бахитбек,

Суретті түсірген Даулет Кулатаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *