Рудныйда 9 жаңа сауда және қызмет көрсету нысандары салынуда

Рудныйда қызмет көрсету және сауда саласы белсенді дамып келеді. Тек 2025 жылдың өзінде құны 3,4 млрд теңгені құрайтын 9 жаңа нысанды аяқтау жоспарлануда.

Қазірдің өзінде іске асырылғандардың қатарында «Абырой» апарт-отелі, «Родник» сауда орталығы, «Доброцен» дүкені және «Фрутодом» фитнес орталығы бар.

«Жыл соңына дейін «Фортуна» супермаркеті (539 миллион теңге), «Бірлік» павильоны (450 миллион теңге) және балаларға арналған «Citrus» орталығы қосылады. Мұның бәрі — жаңа жұмыс орындары, салықтар және қала тұрғындарының жайлы өмірі үшін маңызды»,- деп атап өтті қала басышысы Виктор Ионенко өз сөзінде.

 

Айгерим БАХИТБЕК,

Сурет «РР» мұрағатынан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *