30 мамыр күні өткен Қостанай қаласында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы- 2025» облыстық байқауы өтті.
Аталмыш байқауда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мейірімханова Нұрсыйла Мақсатқызы кәсіби шеберлігін танытып, Рудный қаласының намысын қорғап, жүлделі I орынға ие болды.