Рудный қаласында ондаған адамның өміріне қауіп төндірген масаң күйде болған КамАЗ жүргізушісі ұсталды

Патрульдік полиция қызметкерлері Рудный қаласында көп тонналы жүк көлігін басқарған жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасап, жолдағы барлық қатысушыларға нақты қауіп төндірген КамАЗ көлігін тоқтатты.

32 жастағы ер адамнан алкогольдің өткір иісі шыққан, сөйлеген сөзі түсініксіз, қозғалыс барысында реакциясы баяу болған. Медициналық куәландыру оның ауыр дәрежеде масаң күйде болғанын растады.

Іс жүзінде ол жағдайды толық бақылаудан шығарып, жоғары қауіптілік көзі болып табылатын көлікті басқарған.

Заңға сәйкес құқық бұзушы қатаң жазаға тартылады: 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады. КамАЗ көлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция: масаң күйде көлік жүргізу — адам өміріне тікелей қауіп төндіретінін ескертеді.
Жауапсыздықтың салдарын тек жүргізушілер ғана емес, басқа да бейбіт адамдар да тартуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *