Рудный қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кең ауқымды мерекелік іс-шаралар бастау алды. 9–17 желтоқсан аралығын қамтитын мазмұнды бағдарламаға білім беру ұйымдары, мәдениет мекемелері, әлеуметтік орталықтар және жастар ұйымдары атсалысып, қала бойынша 17 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда.
9 желтоқсан күні алғашқы іс-шаралар әлеуметтік бағытта өтті. «Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығында» «Қазақстанның болашағы: интеллект, ғылым, даму» атты интерактивті бағдарлама ұйымдастырылды. Оған 30-дан астам қызмет алушы қатысты.
10 желтоқсанда қаланың түрлі мекемелерінде танымдық және мәдени мазмұндағы іс-шаралар жалғасты. «Жанұя» орталығында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты танымдық бағдарлама, Мемлекеттік тілдегі кітапханада жасөспірімдер мен зейнеткерлерге арналған әдеби-музыкалық кеш өтті. Сонымен қатар Instagram желісінде 10–15 желтоқсан аралығында «Еркіндік елдігімен биік» онлайн фото-байқауы басталды.
11 желтоқсан күні жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған зияткерлік ойындар мен пікірсайыстар өткізілді. «Жастар ресурстық орталығында» «Qazaq Eli – Тәуелсіздік жолы» ойыны өтіп, студенттер арасындағы «Сенімен мақтанамын, менің Қазақстаным!» азаматтық форумы қалалық кітапханада жалғасын тапты. Сонымен қатар колледж студенттері арасында «Ел патриоттары» пікірсайысы өтті.
12 желтоқсанда қала тұрғындары мен студенттерді қамтыған бірқатар мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында сурет көрмелері мен танымдық экскурсиялар, тарихи-өлкетану музейінде диалог алаңдары өтті. Колледждер мен кітапханаларда мәнерлеп оқу челлендждері, тарихи шежірелер сағаты мен дөңгелек үстелдер жалғасын тапты. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында футбол турнирі ұйымдастырылды.
15 желтоқсанда қаланың барлық білім беру ұйымдары бойынша 16 мыңнан астам оқушыны қамтыған сынып сағаттары, викториналар, дөңгелек үстелдер мен шығармашылық байқаулар өтті. Қаланың түрлі мекемелерінде Тәуелсіздік тақырыбындағы көрмелер, презентациялар, пікірталастар мен челлендждер ұйымдастырылып, оқушылар мен жастар белсенді қатысты.
16–17 желтоқсан күндері жоспарланған іс-шаралар спорттық, мәдени және қайырымдылық бағытында жалғасады. Қашар кентінде челлендждер мен танымдық кездесулер, қала бойынша «Бір ел – бір жүрек» және «Жүректен жүрекке» атты игі акциялар ұйымдастырылады. 17 желтоқсанда мектеп оқушылары арасында асық ату және бес асықтан ұлттық мектеп лигасы өтеді.
Рудный қаласы бойынша 2025 жылы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
| № | Іс-шараның атауы | Өткізілген күні, уақыты | Өткізілген орны | Қамтылуы
(адам) |
Қатысушылардың санаты | Жауаптылар |
| 9 желтоқсан | ||||||
| 1 | «Қазақстанның болашағы: интеллект, ғылым, даму» интерактивті бағдарламасы | 10.00
|
«Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ | 30 | Қызмет алушылар, орталық қызметкерлері | «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Скаредина Е.В. |
| 10 желтоқсан | ||||||
| 2 | «Тұғыры биік тәуелсіздік» танымдық іс-шарасы
|
11.00 | «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ | 35 | Орталықтың қызмет алушылары | «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Скаредина Е.В. |
| 3 | «Тәуелсіздік – тілегім, елім деп соққан жүрегім!» әдеби-музыкалық кеші | 11.00 | Мемлекеттік тілдегі кітапхана | 34 | Жасөспірімдер, «Кездесу» клубының зейнеткерлері | «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Скаредина Е.В. |
| 4 | Сұрақтар мен жауаптар кеші | 16.00 | «Алые паруса» КХШҮ | 15 | №1 РАӘҚО қызмет алушылары | «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Скаредина Е.В. |
| 5 | «Еркіндік елдігімен биік» онлайн фото-байқау | 10 желтоқсанна 15 желтоқсанға дейін | Инстаграм | 40 | Инстаграм қолданушылары | «Жастар ресурстық орталығы» КММ
Туребаева Т.М. |
| 11 желтоқсан | ||||||
| 6 | «Qazaq Eli – Тәуелсіздік жолы» зияткерлік ойыны | 12.00
|
«Жастар ресурстық орталығы» КММ
|
25 | Колледж студенттері | «Жастар ресурстық орталығы» КММ
Туребаева Т.М. |
| 7 | «Сенімен мақтанамын, менің Қазақстаным!» азаматтық форумы | 15.25
|
Орталықтандырылған қалалық кітапхана | 31 | Студенттер | «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Джамбурчина Ж.Е. |
| 8 | «Ел патриоттары» пікірсайысы | 15.00 | «Рудный құрылыс және көлік колледжі» КМҚК | 15 | 1-2 курстың студенттері
|
«Рудный құрылыс және көлік колледжі» КМҚК
Рахимов Ж.О. |
| 12 желтоқсан | ||||||
| 9 | «Болашаққа ұмтылған ел» сурет көрмелері | 10.00
|
«Рудный аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ | 41 | Орталықтың қамқорлығындағы адамдар | «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Скаредина Е.В. |
| 10 | «Азат елдің жас ұланы» пікірсайыс турнирі | 10.00 | «Жастар ресурстық орталығы» КММ
|
30
|
Колледж студенттері | «Жастар ресурстық орталығы» КММ
Туребаева Т.М. |
| 11 | Танымдық экскурсия | 11.00
|
Рудный тарихи-өлкетану музейі | 15 | «Рудный аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қамқорлығындағы адамдар | «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Скаредина Е.В. |
| 12 | «Болашаққа сеніммен қараймыз!» өзекті диалогы | 11.00
|
«Рудный тарихи-өлкетану музейі» КММ,
«Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК
|
28 | Студенттер | «Рудный тарихи-өлкетану музейі» КММ
Жұлмұхамбетова А.Е. |
| 13 | «Тәуелсіздік — бастауы бар бақыттың!» мәнерлеп оқу челленджі. | 11.00
|
«Рудный музыкалық колледжі» КМҚК | 20 | 1-2 курстың студенттері
|
«Рудный музыкалық колледжі» КМҚК
Максим А.А. |
| 14 | «Тәуелсіздік туы астында» тарихи шежірелер | 12.30
|
Орталықтандырылған балалар кітапханасы | 28 | Мектеп оқушылары | «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Джамбурчина Ж.Е. |
| 15 | «Тәуелсіздік — теңдесі жоқ байлығым!» дөңгелек үстелі
|
15.00 | «Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК | 40 | Студенттер | «Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК
Канешов К.С. |
| 16 | Мемлекеттік қызметшілер арасындағы футбол турнирі | 16.00 | ДСК | 20 | Мемлекеттік қызметшілер | «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ
Беглов Н.Н. |
| 15 желтоқсан | ||||||
| 17 | «Тәуелсіздік Шежіресі» презентациясы
|
10.00
|
«№1 Қашар жалпы білім беретін мектебі» КММ | 96 | Мектеп оқушылары | «Рудный қалалық білім бөлімі»ММ
Жайлибаев Т.Б. |
| 18 | «Таланттар шоқжұлдызы» сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі | 10.00 – 18.00 | Балалар өнер мектебі | 420 | Мектеп оқушылары | «Рудный қалалық білім бөлімі»ММ
Жайлибаев Т.Б. |
| 19 | «Қазақстанның болашағы біздің колымызда!» авторлық өлеңдер байқауы | 11.00 | Перцев НОМ | 10 | Мектеп оқушылары | «Рудный қалалық білім бөлімі»ММ
Жайлибаев Т.Б. |
| 20 | Литературно-патриотическая композиция «Моя страна – моя гордость» | 11.00 | №2 РАӘҚО | 45 | Орталықтың қызмет алушылары | «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Джамбурчина Ж.Е. |
| 21 | «Тәуелсіздікке тағзым» тарихи кеші | 11.00 | Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ | 20 | Орталық тыңдаушылары | Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
Досубаева Ж.Б. |
| 22 | «Тарих білгірлері» зияткерлік ойыны | 11.00 | «№1 Қашар жалпы білім беретін мектебі» КММ | 80 | Мектеп оқушылары | «Рудный қалалық білім бөлімі»ММ
Жайлибаев Т.Б. |
| 23 | «Тұлға және Тәуелсіздік: психологиялық көзқарас» дөңгелек үстелі | 11.00 | «Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ | 25 | Қызмет алушылар, орталық қызметкерлері | «Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ
Резниченко Л.А. |
| 24 | Рудный қаласының прокуратурасына «Тәуелсіз Қазақстандағы азаматтардың құқықтарын қорғау» танымдық экскурсиясы | 11.00
|
Рудный қаласының прокуратурасы | 15 | Студенттер | «Рудный тау-кен технологиялық колледжі» КМҚК
Туменбаева Д.Т. |
| 25 | Сынып сағаттары, интеллектуалды викториналар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, сурет байқаулары | 11.00-14.00 | Білім беру ұйымдары | 16 000 | 1-11 сынып оқушылары | «Рудный қалалық білім бөлімі»ММ
Жайлибаев Т.Б. |
| 26 | «Тәуелсіздік — бастауы бар бақыттың!» мәнерлеп оқу байқауы
|
12.00
14.00 |
«Рудный құрылыс және көлік колледжі» КМҚК
«Рудный технология және сервис колледжі» КМҚК |
21
150 |
1-2 курстың студенттері
Студенттер |
«Рудный құрылыс және көлік колледжі» КМҚК
Рахимов Ж.О.
«Рудный технология және сервис колледжі» КМҚК Татьянова А.Б. |
| 27 | «Біз тұратын Ел!» квест ойыны | 14.00 | «Рудный құрылыс және көлік колледжі» КМҚК
|
35 | 1-2 курстың студенттері
|
«Рудный құрылыс және көлік колледжі» КМҚК
Рахимов Ж.О. |
| 28 | «Біз-Тәуелсіздіктің ұрпағымыз» танымдық бағдарламасы | 15.00 | Горняцк кенті «Арман» клубы | 30 | Горняцк кенті | Горняцк кенті әкімінің аппараты ММ
Абилов З.А. |
| 29 | «Адал азамат — Тәуелсіз елдің тірегі» оқушылар арасындағы сурет байқауы | 16.00 | Әкімдік | 50 | Мектеп оқушылары | «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ
Беглов Н.Н. |
| 30 | «Тәуелсіз Елім — Тұғырым» дөңгелек үстелі
|
16.00
|
Қашар к.
«Юность» МҮ
|
30 | Мектеп оқушылары | Қашар кенті әкімінің аппараты ММ
Раймбекова М.К. |
| 31 | «Қазақстан бойынша саяхат» зияткерлік ойыны | 17.00 | «№1 Қашар жалпы білім беретін мектебі» КММ | 81 | Мектеп оқушылары | «Рудный қалалық білім бөлімі»ММ
Жайлибаев Т.Б. |
| 16 желтоқсан | ||||||
| 32 | «Менің елім — менің мақтанышым» челленджі | 11.00 | Қашар к.
«Юность» МҮ
|
30 | Мектеп оқушылары | Қашар кенті әкімінің аппараты ММ
Раймбекова М.К. |
| 33 | «Бір ел — бір жүрек» қайырымдылық акциясы | 11.00-15.00 | Тұрғылықты мекенжайы бойынша | 10 | Қала тұрғындары | «Жастар ресурстық орталығы» КММ
Туребаева Т.М. |
| 17 желтоқсан | ||||||
| 34 | Ұлдар арасында асық атудан және қыздар арасында бес асықтан ұлттық мектеп лигасы | 11.00 | «А. Байтұрсынұлыатындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ | 280 | Мектеп оқушылары | «Рудный қалалық білім бөлімі»ММ
Жайлибаев Т.Б. |
| 35 | «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы | 15.00 | «Рудный тау-кен технологиялық колледжі» КМҚК | 414 | Колледж қызметкерлері, ата-аналар, студенттер | «Рудный тау-кен технологиялық колледжі» КМҚК
Туменбаева Д.Т. |
| 36 | Челлендж «ТУДЫ ІЛУ — TREND, ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ!» | 8 – 17 желтоқсан | «Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» | 1000 | Қызметкерлер мен оқушылар | «Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі»
Ағатай А. А. |
Тәуелсіздік күніне арналған қалалық жоспар ұлттық рухты көтеруге, жас ұрпаққа тарихи құндылықтарды насихаттауға және қоғамдағы патриоттық сезімді нығайтуға бағытталған. Рудный қаласы бойынша мерекелік шаралар 17 желтоқсанға дейін жалғасады.