Рудный қаласының әкімі тұрғындарды Халықаралық қарттар күнімен құттықтайды.

Құрметті рудныйлықтар!

Сіздерді шын жүректен Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймын!

Бұл күні біз соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге – қаламыздың, облысымыздың және тұтас еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан жандарға алғысымызды және құрметімізді білдіреміз. Сіздердің өмір жолдарыңыз, тәжірибелеріңіз бен дана кеңестеріңіз жас ұрпаққа үлгі болып, қоғамның рухани негіздерін нығайтады.

Бүгінде Рудный қаласында қарттардың белсенді ұзақ өмір сүруіне және өмір сапасын арттыруға жағдай жасалған. Қалада «Жанұя» отбасыны қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Оның қызметі денсаулықты нығайтуға, көңіл-күйді жақсартуға және қарт азаматтардың қоғам өміріне толыққанды қатысуына мүмкіндік жасауға бағытталған.

Баршаңызды жігерлі рух үшін шынайы алғыс білдіремін. Ол баршамызды біріктіріп, шабыттандырады.

Сіздерге мықты денсаулық, амандық, отбасыларыңызға жылылық пен жайлылық, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *