Бүгін Рудный жұртшылығы үшін ерекше күн – қалаға 68 жыл толып отыр. Мерекеге орай қала тұрғындары мен қонақтарына арнап түрлі мәдени-спорттық бағдарламалар дайындалды.
Мерекелік шаралар сағат 12:00-де «Достық» паркінде басталды. Мұнда «Family-FEST» бағдарламасы ұйымдастырылып, шығармашылық шеберханалар «КөркемLab» өз жұмысын бастады. Балаларға арналған аквагрим, әуе шарларын үлгілеу, қолөнер шеберлік сағаттары мен жәрмеңкелер көрерменнің көңілінен шықты. Сонымен қатар, отбасыларға арналған «Біз – команда!» атты қызықты квест пен ұлттық ойындар алаңы көпшілікке ұсынылды. Парк қонақтарына арналған концерттік-сауық бағдарламасы да мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мерекелік бағдарлама ары қарай сағат 15:00-де Космонавтар даңғылында жалғасады. Мұнда «ArtQala» жобасы аясында «Рудный кадрде» атты фотосушка, «Дарын» студиясының жас суретшілерінің жұмыстары, сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, сондай-ақ «Қалам мен қала» атты поэтикалық қонақжай көпшілік назарына ұсынылмақ.
Ал Орталық алаңда сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін экстремалды спорттық шоу өтеді. Көрермендерге Гиннес рекордтар кітабына енген, Қазақстанның алты дүркін рекордшысы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми елшісі, пауэрлифтингтен спорт шебері Сергей Цырульников өз өнерін көрсетпек.

Кешкі бағдарлама сағат 18:00-де басталалды. Барша қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй тілейміз!
Қаланың 68 жылдық мерейтойы тұрғындар үшін қуаныш пен шаттық сыйлаған маңызды мәдени оқиға болып отыр. Мерекелік шаралар Рудныйдың рухани және мәдени өмірін айшықтап, қала тұрғындарын біріктірді.