Тұрғын үй қоры жаңартылып, жаңа үйлер бой көтеруде

Рудныйда халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Тұрғын үй — коммуналдық шаруашылықты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған саясаты» аясында тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру жұмыстары жалғасуда. Бұл концепция іске асқалы бері 4 көппәтерлі үй (273 пәтер) қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. Жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге 228 пәтер сатып алынып, 2024 жылы 10 тұрғын үй — 425 пәтер салынып, қайта жөнделді. Барлығы 8,2 млрд теңгеге мемлекеттік меншікке сатып алынды.

Сондай-ақ үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Рудный қаласында 4 көпқабатты үй (260 пәтер) жөнделіп жатыр. Олар: Ленина 213Б, Ленина 70Б, 50 лет Октября 57 және Космонавтов 21.

Осындай қалпына келтіру жұмыстары Қашар ауылында да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 70 пәтерлік екі бес қабатты үй мен 1-шағын ауданда орналасқан 76 пәтерлік бір бес қабатты үй қайта жөнделуде. Жөндеу нәтижесінде Қашарда 216 пәтер пайдалануға берілмек.

2025-206 жылы тұрғын үй салу жоспары:

— 60 пәтерлік екі 5 қабатты үй;

— 96 пәтерлік екі 9 қабатты үй;

— 168 пәтерлік үш 6 қабатты үй;

— 90 пәтерлік екі 6 қабатты үй;

— 30 пәтерлік бір 6 қабатты үй.

Аталған жобалар Рудный қаласындағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың санын азайтып, жалпы саны 1502 пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Жанарай Нурмаханбетова,

Сурет «РР» мұрағатынан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *