Рудныйда Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған облыстықконференция өтті
Міржақып Дулатұлы атындағы №15 мектебінде Алаш қайраткері, ағартушы, жазушы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналғаноблыстық ғылыми—тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Шараныңнегізгі мақсаты – ұлт мұрасына деген қызығушылықты арттыру, тарихисананы тереңдету және өскелең ұрпаққа Міржақып Дулатұлының мұрасынғылыми негізде таныту.
Азаттық жолында күрескен Міржақып Дулатұлы – қазақ әдебиетініңкөрнекті өкілі, ағартушылық идеялардың насихатшысы, «Оян, қазақ!» еңбегімен халықтық сананы серпілткен қайраткер. Оның мұрасы – ұлттықрух пен білімге ұмтылудың символы. Алаш қозғалысындағы белсендіқызметі, публицистикасы мен әдеби шығармалары бүгінгі күнге дейінтәрбиелік және танымдық мәнін жойған жоқ.
Конференцияға облыс бойынша 99 ғылыми жұмыс қабылданып, оның 41-іқазылар алқасының оң бағасын алып, секциялық отырыстардатаныстырылды.
Педагогтар мен зерттеушілер Міржақып Дулатұлының өмір жолы, ағартушылық қызметі, шығармашылығы, сондай—ақ Алаш қозғалысындағыорны туралы мазмұнды баяндамалар ұсынды. «Оян, қазақ!» идеясыныңтарихи маңызы кеңінен талқыланды.
Пленарлық отырысқа арнайы шақырылған қонақтар қатарында «ТорғайдыңЖангелдин мұражайлар кешені» КММ басшысы Гүлбану Сәрсекей, Рудныйқалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жаңбыршы Тілеуғабылов, жазушы, алаштанушы, Қазақстан Жазушылар одағының балалар әдебиеті кеңесініңтөрағасы Елдос Тоқтарбай, философия ғылымдарының кандидаты РайханаАбдрахманова болды.
«Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейлі күнімен шын жүректенқұттықтаймын. Міржақып Дулатұлы – ел мұратын биік қойған қайраткер, қазақ халқының санасын оятқан ағартушы, ұлттық әдебиет пенпублицистиканың жарық жұлдызы. Оның ұлттық ертең үшін сіңірген еңбегімен өшпес мұрасы бүгінгі күнге дейін жас ұрпақты тәрбиелеуде, білім берусаласында бағыт—бағдар болып келеді. Рудный қаласының білім беруұйымдарында Дулатұлы мұрасын насихаттап, жастардың ұлттық құндылыққадеген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліпкеледі. Бұл жай шара емес, мектеп ұжымының жауапкершілігі мен үлкенеңбегінің көрінісі. Биыл республикалық «Міржақып оқулары» байқауыныңбіздің білім ордамызда өткізілуі – зор абырой әрі келешекке жаңа серпін. Осыайтулы мерейтой баршамызға тарихты жаңғыртып, елдік бірлікті нығайтатынрухани маңызымен қымбат», – деді мектеп директоры Азамат Ағатай.
Мектеп ұжымы Алаш зиялысының есімі 2022 жылы оқу орнына берілгенкүннен бастап жүргізіліп келе жатқан рухани—ағартушылық жұмыстаржөнінде де есеп берді. Соның ішінде 2023 жылы Торғай өңірінеұйымдастырылған ғылыми экспедиция, сондай—ақ биыл ашылған МіржақыпДулатұлы мұражайы таныстырылды.
«Осындай тәрбиелік және ғылыми—танымдық іс—шаралар арқылы МіржақыпДулатұлының мұрасы жас ұрпаққа жетерлік дәрежеде насихатталып, ұлттықсана мен мәдени мақтаныштың қалыптасуына нақты ықпал етуде», – деп атапөтті Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры Абзал Ағатай.
Ұлт ұстазының мұрасын насихаттауға бағытталған бұл іс—шара Рудныйқаласындағы жастардың рухани дүниесін кеңейтуге, ұлттық құндылықтыбағалауға ықпал ететін маңызды қадамдардың бірі ретіндеерекшеленді.Алдағы уақытта да мектеп қабырғасында мерейтойлық шараларөз жалғасын таппақ.
суретті түсірген Андрей МУРЗИН