Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 14, 15, 16 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері батыста жаңбыр, ал республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

«Еліміздің басым бөлігінде түнгі ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін төмендейді, ал батыс пен оңтүстікте 5-13 градус жылы болады. Күндіз негізінен 0-10 градус жылы, батыста 7-17 градус жылы, ал оңтүстікте 15-25 градус жылы болады», — деді синоптиктер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *