Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 13, 14 және 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан аумағына қуатты циклон жақындап келеді. Бұл циклон жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, боран әкеліп, республика аумағының басым бөлігін қамтиды.

«Жауын-шашынмен бірге, жел де күшейеді. Батыста, солтүстікте, еліміздің орталық бөлігінде екпіні секундына 30 метрге дейін және одан да жоғары болатын екпінді жел болжанады», — деп ескертті синоптиктер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *