2024 жылғы қазанда аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыста болады
2024 жылғы қазанда Республика күні арқасында қазақстандықтарда қосымша демалыс күні болады. Айта кетейік, Республика күні алғаш рет 1990 жылы Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны қабылдау құрметіне құрылған болатын.
Биыл мереке жұмаға сәйкес келеді, бұл еліміздің көптеген тұрғындарына үш күн қатарынан демалуға мүмкіндік береді: аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазанда демалады.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін жағдай сәл басқаша. 25 қазан демалыс, ал 26 қазан жұмыс болады. Алайда 27 қазан қайтадан демалыс күні болады.