Рудный қаласы әкімдігі 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы азаматтардың өтініштерімен жұмыс нәтижелерін қорытындылады. Аталған кезеңде жергілікті атқарушы органдарға барлығы 4896 өтініш түскен. Оның ішінде: қала әкімінің аппаратына — 1642, қала әкімдігі бөлімдеріне — 3176, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарына — 78 өтініш келіп түскен.
Өтініштердің басым бөлігі — арыздар (4036), шағымдар — 237, басқа санаттағы өтініштер — 623. Ең көп өтініштер тұрғын үй қатынастары (1222), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автожолдар (851), сондай-ақ жер қатынастары (430) салалары бойынша тіркелген.
Барлығы 3072 өтініш қаралып, шешім қабылданған. Оның 2355-і оң әкімшілік актімен аяқталды, 43-і — шектеуші сипаттағы шешімдер. 387 өтініш иесіне ресми жауап берілді, 88 өтініш заңнамаға сәйкес тоқтатылды, 199-ы — өзге санаттарға енгізілді. Сонымен қатар, 1690 өтініш құзыретті органдарға жолданды, 134 өтініш қарау сатысында.
Рудный қаласы әкімінің аппаратының жетекшісі міндетін атқарушы Николай Беглов атап өткендей, азаматтардың өтініштерімен жұмыс — жергілікті атқарушы органдар қызметінің басты бағыттарының бірі.
«Әрбір өтініш белгіленген мерзімде қаралады. Негізгі назар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне аударылады. Біз ашықтық пен тұрғындармен тиімді кері байланысты қамтамасыз етуге ұмтыламыз», – деді ол.