Қостанай облысында алименттік өндірістердің орындалуын күшейту жұмыстары жалғасуда

Сот актілерінің орындалуы – бұл әділеттіліктің соңғы әрі ең жауапты кезеңі, ол балалардың құқығы мен әл-ауқатына тікелей әсер етеді, – деп атап өтті Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Темирбек Нажиканов.
Бүгінгі күні жеке сот орындаушылардың қарауында 18 мыңнан астам алименттік іс бар, олардың ішінде 1260 – проблемалық, ал қарыздың жалпы көлемі 1,4 млрд теңгеден асады. Проблемалық істер бойынша арнайы алгоритм енгізілді, ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтілді, апта сайынғы талдаулар жүргізілуде. Бұл қадамдар алғашқы нәтижесін берді – қарыз сомасы 400 млн теңгеден астамға азайды.
Ағымдағы жылдың 9 айында 27 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 83 борышкер жұмысқа орналастырылды, сондай-ақ сот орындаушылары тарапынан көптеген заңбұзушылықтар анықталды.
Алимент төлеу – бұл жай ғана міндет емес, бұл – әлеуметтік әділеттілік мәселесі. Төлемнен саналы түрде жалтарғандар міндетті түрде жауапкершілікке, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылады, – деп ерекше атап өтті Нажиканов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *