Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндады.
Қостанай облысының өнеркәсіп секторы жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы есебінен өз орнын нығайтуда. Осы жылы жалпыұлттық пул аясында 322,1 млрд теңгеге 3,3 мың жұмыс орнын құрумен 7 жобаны іске асыру жоспарланды. Олардың арасында іске қосылған жоғарытехнологиялық, автоматтандырылған өндіріс болып табылатын КІА автомобиль шығаратын зауыт бар.
Жеңіл авмотобильдерге арналған автобөлшектерді шығаратын оқшауландыру орталығының құрылысы аяқталуда. Оның ауданы 30 мың кв.м («TEHNOPARK KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі). Инвестициялардың сомасы 17,8 млрд теңге, 800 жұмыс орны ашылады.
Жылдың соңына дейін жүк техникасына арналған автобөлшектерді шығару, жетекші берілістің редукторларын оқшауландыру бойынша жобалар пайдалануға беріледі. Инвестициялардың жалпы сомасы 160,5 млрд теңге, 650 жұмыс орны құрылады.