Қостанай – Рудный автожолында жүк көлігі мен маршруттық автобустың соқтығысу фактісі бойынша полиция қызметкерлері қажетті материалдарды жинады. Бұл дерек бойынша тергеп — тексеру жұмыстары жүргізілуде.
? Алдын ала мәліметтер бойынша:
Жол апаты көліктің бұрылу маневрі салдарынан орын алған. Соқтығысудың нәтижесінде автобус жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі дәрежедегі жарақаттар алды.
? Құқықтық шешім оқиға мән-жайы толық анықталғаннан кейін және тиісті сараптамалар жүргізілген соң қабылданатын болады.
? Полиция жүргізушілерге ескертеді:
Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар.
Әсіресе, қала сыртындағы жолдарда маневр жасағанда мұқият болыңыздар.
Өзіңізді және жол қозғалысына қатысушыларды қауіпке тікпеңіздер.