Жалпы рұқсат беру құжаттарының барлық түрі практивті форматқа ауыстырылуы тиіс. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Салауат Мүксімов мәлімдеді.
— Яғни, құжаттардың мерзімдерін ұзартуға азаматтардан өтінім беруді күтпей, оларды ұзатру автоматты резимде ұсынылатын болады. Мысалы, наториалдық-адвокаттық және жеке сот орындаушылардың қықзметін жүзеге асыруға арналған лицензиялар проактивті форматта ұсынылатын болады. Ішкі істер министрлігінің жоспарына сәйкес азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың қолдану мерзімі аяқталатыны туралы СМС хабарлама сервисін әзірлеу көзделген,-дейді спикер.
Ал, мемлкеттік қызметтердің 15-ке жуығы композиттік форматқа ауыстырылады. Және 18 қызмет эксаумақтық негізде, яғни, тұрғылықты мекен жайына қарамастан көрсетілетін болады.
— Мысалы жер учаскілерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау жөніндегі қызмет осында форматта қолжетімді болады. Қорғаныс, ауылшаруашлығы, мәдениет, сауда, өнеркәсіп және құрылыс салаларында 9 комиссияның қызметі жойылатын болады. Тек осы жылы осы комиссиялармен 17 мыңнан астам өтінім қаралды. Олардың әрқайсысына орта есеппен 3 күн қарастырылғанын ескерк, қызметшілердің осы комиссияларды өткізуге жұмсалатын уақыттары айтарлықтай қысқарады,-дейді Салауат Мүксімов.