Құрметті рудныйлықтар!
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – адамгершілік пен мейірімділікті, рухани тазалық пен ізгілікті дәріптейтін тағылымы терең мейрам. Бұл күндері жақсылық жасау, мұқтаж жандарға қолдау көрсету, бір-біріне қамқор болу сияқты асыл қасиеттер айрықша мәнге ие. Халқымыздың ынтымақ пен сыйластыққа негізделген ізгі дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қоғамымыздағы татулық пен бірлікті нығайтып келеді.
Қазақстан – түрлі этнос пен конфессия өкілдерін тоғыстырған, өзара құрмет пен келісімде өмір сүріп жатқан бейбіт ел. Осындай бірлік пен сенім елдің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің берік негізі болып қала береді.
Қасиетті мереке әр шаңыраққа амандық, бақ-береке мен шаттық әкелсін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға тыныштық пен береке тілеймін.
Құрбан айт құтты болсын!
Құрметпен,
Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко