1 маусым 2025 жылы Қалалық мәдениет және демалыс саябағында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жарқын, әрі көңілді мерекелік шара өтетін болады. Іс-шараға барлық балалар мен ата-аналарды шақырамыз! Қонақтарды шат күлкі, тосынсыйлар, музыка мен шығармашылық әлемі күтіп тұр.
Мерекелік бағдарлама жоспары:
~ 12:00 — 14:00 — «Ертегілер әлемі» атты мерекелік бағдарлама өтеді — ертегі мен қиялға толы сиқырлы әлемге саяхат;
«Вау, балақай!» балаларға арналған талант шоуы ұйымдастырылады — сахнада ең жарқын жұлдыздар өнер көрсетеді;
«МультиЛето разного цвета» арт-алаңы ашылады. Балалар асфальтқа түрлі-түсті суреттер салып, шығармашылықтарын көрсетеді;
«Шаттан, биле!» атты TikTok-диско өтеді. Балалар билеп, көңіл көтеріп, бейнежазбалар түсіретін болады.
~ 14:00 — 15:00 — «Смайл шоу» атты цирктік қойылым көрсетіледі – акробаттар, клоундар, фокус және көңілді ойындармен бүкіл отбасыға арналған нағыз шоу.
~ 15:00 — 15:30 — Әдеби батл өтеді. Cахнада жас ақындар мен көркем мәтін оқушылар өз өнерлерін көрсетеді. Қонақтар дарынды балаларды қолдай алатын болады.
~ 15:30 — 16:30 — «Алтын домбыра» студиясының қатысуымен балалар шығармашылығының концерті мен көрмесі ұйымдастырылады. Қатысушылар тамаша әндер шырқап, кішкентай суретшілердің ерекше туындылары қойылады.
Бұл күн балаларға қуаныш пен шабыт сыйлайтын, отбасы мен достармен бірге ұмытылмас сәттерді бастан кешіретін ерекше мереке болмақ. Баршаңызды мерекеге шақырамыз!
Жанарай Нурмаханбетова
Суреттер pinterest желісінен алынды