Қазан айында қазақстандықтарды Республика күні мерекесіне байланысты бір күн қосымша демалыс күтіп тұр. Tengrinews.kz тілшісі демалыс күндерін алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беретін ыңғайлы күнтізбе ұсынады.
Республика күні – Қазақстандағы жыл сайын 25 қазанда аталып өтетін жалғыз ұлттық мереке. Ол 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданғаннан кейін пайда болды. 2022 жылдан бері бұл күн ресми демалыс болып саналады.
2025 жылы Республика күніне орай демалыс тәртібі
Бес күндік жұмыс аптасы 2025 жылы 25 қазан сенбіге түседі. «Мерекелер туралы» заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбіге – 27 қазанға ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады:
25 қазан (сенбі);
26 қазан (жексенбі);
27 қазан (дүйсенбі).
Қазан айында бес күндік жұмыс кестесінде 9 демалыс және 22 жұмыс күні болады.
Алты күндік жұмыс аптасы
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін мерекелік демалыс біршама қысқа болады:
25 қазан (сенбі) — мерекелік демалыс;
26 қазан (жексенбі) — әдеттегі демалыс;
27 қазан (дүйсенбі) — жұмыс күні.
Осылайша, алты күндік кестемен жұмыс істейтіндер қазан айында бар болғаны 5 күн ғана демалады.
Республика күні ел бойынша концерттер, көрмелер, фестивальдер мен спорттық жарыстармен аталып өтеді. Қазандағы қосымша демалыс – отбасы мен достармен уақыт өткізуге, мәдени іс-шараларға қатысуға және мерекелік атмосфераны сезінуге тамаша мүмкіндік.