Абайды ұлықтап жүрген ХХІ ғасыр

Ақынның әр сөзінің, әр өлең шығармаларының тәрбиеде де тәлімде де алар орны биік

Абай Құнанбайұлы — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен данышпан ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Абай орақ тілді жырларымен, ғасырлар қазынасын шежіре еткен, ортағасырлық поэзия үні естіледі Абай әлемі- асқаралы асуы шығыс әлемі мен ислам дүниесі екендігі ақиқат. Ұлылық, данышпандық, өлмес сөз, өзгермес ой, ол -Абай сөзі, Абай- даналығы, Абай-үні, Абай- барша қазақ елінің айнасы. Қоғамдық өмірдің басқа да салалары секілді рухани азық, әдебиет әлемі өз алдына керемет дүние.

Қазақ әдебиетінің XІX ғасырдағы шоқтығы биік асқар шыңы – Абай Құнанбайұлы. Абайдай тума таланттың қалыптасуы үшін білімнің, өнердің қайнар бұлағы бола білген, таланттар шоғырланған қасиетті өлке Семей өңірі қасиетті десе қасиетті-ау?!

«Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,

Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана,

Қазақтың қос арысы, қос данасы.

Қалайша бас имессің оған, сірә»,-деген өлең шумақтарынан қазақтың маңдайға біткен ұлы тұлғаларынан халқымыздың оқып тауыса алмай келе жатқан даналық мектебін көремін. Шоқтығы биік Абай өз алдына баға жетпес бір тұтас әлем. Абай атамыздың шығармаларынан ізгілік сәулесінің нұрын аңғарамыз. Даналыққа толы нақылдарына, баурап алатын қара сөздеріне, кемеңгерлігіне, тылсым сырларына және өрнекті өлеңдеріне мұқтажбыз. Рухты жырларымен өз үнін естірте келген. Ізгілік пен парасат, иман, нұрлы ой-өрнектер қашанда адамзаттың рухының ізгілікке ілгерілетіп, кемелденіп толысуына ұтымды із қалдырады. Сөз өнерін дамытуға, өрнекті сөз бедерін қалыптастыруда орны ерекше. Абай тұтастай ұлтымыздың сөз өнерінің шыңы. Қай шығармасы болмасын үлгі өнеге түйінді шешім қабылдап, өзіндік ой қорытар мағыналы маржан сөздер, ұлағат емес пе?

Абай әлемі мәңгілік десеңіз, міне мәңгілік емес пе шығармалары?! Қай халықтың тарихын да әдебиетін де алсақ, халықтың өмірі әдебиетпен тығыз байланысты. Кемеңгерліктің көкжиегі Абай тілі – оның ой парасатының шешен шежіресі. Жырларының қай-қайсысын алып талдасаң, сол жерден тілді тазартатын, сананы ашатын, ізгілікке, адалдыққа, адамгершілікке жетелейтін патриоттық сезім көрініс табады. Ұлылардың ойынша айтсам, сайын даланың ақыл-санасымен, парасат-пайымын да дархан даналығы мен кемел кемеңгерлігін де мирас еткен. Ұлы ойшыл жазушының қазақ әдебиетіне қосқан салмақты үлесі біздер, оқушының көкірегіне нұр шашады.

Ұлтқа ұйытқы болған ұлы тұлға. Көзбен көрмесемде, көргендей боламын. Рухани байлығының көзі-әдебиетті дамытуға үлес қосты.Қалайша мақтаныш етпеске?! Ақын,ойшыл, аудармашы, сазгер,жазушының арман-мақсаттары бүгінгі таңда орындалды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан соның дәлелі. Ұлы ойшылдың жан дүниесі-кең көлемді мол қазына, терең таусылмас асыл да сырлы мұра. Абай атамыздың шығармаларында адамгершілік, ізгілік, қайғы, қуаныш, өнеге бәрі тұтас жатыр.

Абай Құнанбайұлы біздер яғни жас ұрпақтың рухани тәлімгері, ойшыл ақылгөйі. Шығармаларында бар болмысыңмен біте қайнасып отырасың. Ол өткен заманды бүгінмен жалғастырған Абай үні, Абай шығармалары. Ол мәңгілік. Себебі адамзатқа игі қасиеттерді бойға сіңіртуге, жақсы жаманды ажыратып саралаудың тағылымды жолын ұсынады. Ол әрқашан ұрпақпен бірге жасай береді. Бабалар тарихындағы алып тұлға, шын асылымыз, ұлы ақынымыз туралы тың деректерден алар өнегеміз көп. Өз басым Абай әлеміне терең бойлап, көп-көп ізденіс жасамайынша, оның тілін,тарихын білмесек рухани ұлы тұлға — Абай Құнанбайұлын толық танып білуіміз мүмкін емес деп ойлаймын.

Қымбат БІРМАНОВА,

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігі»

 Рудный қалалық филиалының төрайымы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *