«Рудненский рабочий» газеті

Рудный құрылғаннан кейін бірден – 1957 жылы қалада жергілікті газет шыға бастады. Оның бастауында екі Қызыл Жұлдыз орденімен, көптеген медальдармен марапатталған Ұлы Отан соғысының ардагері, өзіндік ерекшелігі бар журналист Иван Фомич Сокур тұрды.

Газет «Металлург», «За руду», «Знамя Октября» деген атауларға ие болды, ал 1966 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі күнге дейін «Рудненский рабочий» деген атпен шықты.

65 жыл ішінде қалалық газет қайта құрудың бірнеше кезеңін бастан өткерді. 2018 жылдан бастап редакция мемлекеттік – жекешелік әріптестікте құрылған Рудный қаласындағы жалғыз медиа-холдинг-«Rýdnyі Media» ЖШС құрамына кірді.

Рудныйлықтар өздерінің алғашқы күндерінде де, бүгінгі күні де елдегі және әлемдегі барлық маңызды оқиғалар туралы, туған қаласы мен оны мекендейтін адамдардың өмірі туралы «Рудненский рабочий» журналистерінің материалдарынан біледі.

Газет құрылыс және өндірістік кәсіпорындардың, әлеуметтік және мәдени салалардың қызметі болсын, қала өмірімен таныстыруды жалғастыруда. Бірақ, ұжым үшін, ең бастысы, қала тұрғындары – ең жас адамдар, жастар, өндірісшілер, ақсақалдар болды және болып қала береді. Өйткені, «Рудненский рабочий» — бұл рудныйлықтар мен рудныйлықтар туралы газет.

«Рудненский рабочий» газетінде тұрақты негізде мемлекеттік тілдегі материалдар – «Кенді өлке» тақырыптық беттері шығады, онда Рудный тұрғындарымен авторлық мақалалар мен сұхбаттар, Қазақстан мен Қостанай облысындағы оқиғалар туралы жаңалықтар блогы жарияланады.

Газет беттерінен басқа барлық жарияланымдар үнемі rydnyimedia.kz сайтында орналастырылады, мұнда Қазақстан мен Қостанай облысының жаңа жаңалықтар лентасы ұсынылған. Rydnyimedia.kz сайты -мемлекеттік және орыс тілдерінде материалдар жарияланатын облыстағы санаулы платформалардың бірі.

Сонымен қатар, «Рудненский  рабочий» барлық жарияланымдары «Rýdnyi Media» ЖШС @rudnyidauysy Instagram-аккаунтында, сондай-ақ Facebook-те жарияланады.

«Рудненский рабочий» газетінің жаңалықтар блогы 106.9 FM толқынында «Рудный дауысы» қалалық радиосының эфирінде үнемі шығады. Газеттің әрбір жаңа басылымының хабарландыруы өзара ынтымақтастық аясында «Рассвет» көше радиосында қайталанады.

Газеттің жарнама бөлімі: 4-54-15