№ 1, 2 лоттар бойынша 2026-2029 жылдарға арналған жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Рудный қаласы әкімінің аппараты 2026–2029 жылдарға арналған жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобиль тасымалдары маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетінін хабарлайды. Конкурс 2026 жылғы «7» қазанда күні сағат 15:00-те Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95, № 224 кабинет мекенжайында өтеді.

Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттері (маршруттар) қойылады:

Лоттың Лоттағы маршрут нөмірлері
1 17 (маусымдық сипат)
2 28 (маусымдық сипат)

 

Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, автокөлік құралдарына меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздер бойынша иелік ететін кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не Рудный қаласы, Ленин көшесі 95, № 203 каб мекенжайы бойынша конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінім ұсынады.

Конкурсқа қатысуға құжаттар мен өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы «23» қыркүйекте сағат 13:00-те дейін.

2026 жылғы «10» қыркүйекте сағат 11:00-де конкурстық комиссия конкурсты өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.

Анықтама алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (71431) 4-96-53.