Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев өз заманының асыл да ардақты адамы, сол заманның тілімен айтсақ, партия мен үкіметке адал қызмет еткен жан. Өзінің алла берген ғұмырында ар-ұят қанағат, жауапкершілік, әділет, шыншылдық деген құндылықтарды риясыз дәріптеген қарапайым тұлға.
Ол өзімшіл емес, мемлекетшіл адам болды. Болмыс бітімі өте зерек көрген саясаткер атанды, көрнекті қоғам қайраткері, ғылыми дәрежелі кісі болған. Қонаевтай абыз-ақсақал өзінің 45 жылға жуық өмірін ел басқару ісіне арнады, оның ішінде ширек ғасырға жуық уақытында Қазақ елінің бірінші басшысы қызыметінде болды.
Өзі бірінші басшылыққа келгенге дейінгі 14-інші орындағы Қазақ республикасын алдынғы үштің қатарына қосты.
Қазақ елі сол кездегі Совет Одағы бойынша екінші астықты алқапқа және көпсапалы өнеркәсіп аймағына айналды, елде жаңа салынған көркем қалалар мен ірі-ірі елді мекендер пайда болды. Атап айтар болсақ: Павлодар-Екібастұз отын-энергетикалық кешені Қарағандыдағы ГРЭС-2, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су электр станциясы, Павладар трактор зауыты және тағы басқа кәсіпорындар осы кезенде іске қосылды. Маңғыстауда мұнай кен орындары игеріліп, теміржол құрлысы, көлік түрлері дамыды.
Қазақ Республикасы осы кезеңдерде, 1960-1986 жылдар аралығында титан, магний, синтетик, каучук өндіріп, электротехника, машина жасау, химия салаларын өте тез дамытты.
Біздің Қостанай-Торғай өңірлерінде бірнеше совхоздар мен аудандар, қалалар ашылды. Рудный, Арқалық қалаларының кен өнімдері қазақ елінің өсіп-өркендеуіне көп үлестерін қосты.
Тілеуғабылов Жаңбыршы,
қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы