Соңғы уақытта ERG кәсіпорындарына сыйақы үшін жұмысқа орналасуға байланысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті.
Алаяқтар өздерін ERG қызметкерлері деп таныстырады, жұмысқа орналасуды ұсынып, үміткерлерді сұхбатқа шақырады және өз қызметтеріне ақы төлеуді сұрайды.
Назар аударыңыз! ERG жұмысқа орналасу үшін ақы талап етпейді. Біздің компанияның қызметкерлері жұмысқа орналасу бойынша үміткерлермен тек корпоративтік электронды пошта арқылы байланысады. Біз жұмыс істейтін рекрутингтік агенттіктер де жұмысқа орналасуға үміткерлерден қызметтері үшін ақы алмайды.
Барлық өзекті бос жұмыс орындары job.erg.kz ресми сайтында, сондай-ақ басқа ашық және сенімді жұмыс іздеу платформаларында жарияланады. Әрбір үміткер жұмыс туралы ақпаратқа бірдей қол жеткізе алады және ешқандай шектеусіз өтініш бере алады. Еңбек қатынастарына қатысты барлық мәселелерде ERG үміткерлер мен қызметкерлерге әділ және бейтарап қарауға тырысады.
ERG бизнесті жүргізу кезінде ұстанатын негізгі қағидат өз қызметінің барлық түрлерінің барлық қолданылатын заңдар мен нормаларға, сондай-ақ іскерлік мінез-құлықтың жоғары этикалық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл стандарттар ERG Корпоративтік тәртіп кодексінде жазылған және біз жасайтын барлық нәрсеге енгізілген.
Егер Сізде қандай да бір күмән немесе күдік туындаса немесе Сізге сыйақы үшін ERG кәсіпорындарына жұмысқа орналасу туралы жосықсыз ұсыныс түскен болса, өтінеміз, бұл туралы келесілер арқылы хабарлаңыз:
• Жедел желі сайты (https://erg.integrityline.org)
• Жедел желінің телефоны арқылы (нөмірлер тізімі https://erg.integrityline.org сайтында келтірілген)
• e-mail арқылы: compliance@erg.net
Осындай жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына дахабарлауға болатыныңызға назар аударамыз.