Сізге банк қызметкерлерінен немесе құқық қорғау органдарынан қоңырау келіп, сіздің шотыңызда күмәнді операциялар болып жатқанын немесе сіздің атыңызға белгісіз біреулер несие алайын деп жатқандығы туралы хабарлайды.
Дүрбелеңге бой алдырмаңыз. Бұл-интернет алаяқтар!
Банк қызметкерлері өз клиенттеріне қоңырау шалып, күмәнді операциялар туралы хабарламайды, әсіресе сіздің жинақтарыңызды қауіпсіз шотқа аударуды ешқашан сұрамайды.
Есіңізде болсын, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыстық істерді қашықтан тергемейді және ешқандай операция жасауды талап етпейді.
Мұндай жағдайларда әңгімені тоқтатып, дереу полицияға 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.