Өңір аумағында алимент өндіріп алу бойынша үш арнайы кеңсе жұмыс істейді.
Өткен жылы облыста алимент өндіріп алу туралы 19 257 өндіріс орындалды, оның ішінде 1687 (атқарушылық өндірістер бойынша) бойынша 1 451 191 532 теңге мөлшерінде жалпы берешек бар, 298 өндіріс проблемалы болып табылады. 2023 жылы осы санаттағы 3 293 өндіріс аяқталды.
— Алимент бойынша берешекті азайту мақсатында борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, — деп атап өтті ҚР Әділет министрлігі Қостанай облысының Әділет департаменті РММ басшысы Әлия Аманжолова. — 2023 жылы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша 228 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 145-і қамауға алынды, 83-і бойынша айыппұлдар салынды.
Жылдан жылға алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындамаудың негізгі себептері борышкерлерде тұрақты жұмыс орнының болмауы, табысының жасырылуы немесе азаюы, тұрақты тұратын жерінің болмауы болып табылады.