«АМАНАТ» партиясы балаларға арналған Жаңа жылдық мереке ұйымдастырды

«АМАНАТ» партиясының Рудный қалалық филиалы қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесіп «Мерей» аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балалары үшін арнайы іс-шара ұйымдастырды.

Бұл балаларды қолдауға және оларды қуантуға бағытталған тамаша мереке болды.

Рудный депутаттары Жаңа жыл қарсаныңда Аяз ата мен Ақшақар кейіпкерлеріне айналды. Бұл мерекелік іс-шара «Мерей» аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан басталды. Депутатттар балаларға қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін үлкен ынтамен дайындалды.

Жаңа жылдық тәтті сыйлықтар 105 балаға берілді. Бұл ата-аналарға қолдау көрсетудің белгісі. Осы балалардың ерекшеліктеріне байланысты олар 18 жасқа толғаннан кейін де бала тәрбиесіне көбірек уақыт пен күш жұмсауға мәжбүр. Азамат Ысқақовтың айтуынша, депутаттар ата-аналарды қолдағысы келді, сондықтан жаңа жылдық сыйлықтар сатып алды. Рудный қалалық мәслихатының депутаттары бұл игі іс-шараны толығымен қолдады.

Балалар да шетте қалмады. Олар өз өнерлерімен сыйлықтар үшін алғыстарын білдірді. Балалар ата-аналарымен бірлесіп жаңа жылға дейін бәрін безендіру үшін өз қолдарымен түрлі қолөнер бұйымдарын жасады. Бұл жыл сайынғы Жаңа жылдық іс-шара жақсы дәстүрге айналды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *