Ассамблеяға 30 жыл

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтіп жатыр. Биылғы жиын Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойына арналды. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен делегациялар қатысуда. Қостанай облысынан келген топты облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов бастап барды.

Делегация құрамында этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, облыстық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері мен жастар бар. Олар ел ішіндегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту бағытында пікір алмасып, түрлі ұсыныстарын ортаға салды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – үш онжылдық бойы еліміздегі тұрақтылық пен татулықтың тірегі болып келе жатқан маңызды институт. Бұл жолғы сессия жаңа идеялар мен бастамаларды талқылауға арналған алаң ретінде ерекшеленді.

Делегация құрамында Рудный индустриалдық институтының Инновациялар және интернационалдандыру жөніндегі проректоры, Басқарма мүшесі Айдын Сәбитов Ассамблея жұмысының маңыздылығын ерекше атап өтті.

– Қазақстан халқы Ассамблеясы – тек этностар арасындағы өзара түсіністік емес, сонымен қатар қоғамдағы толеранттылық пен тұрақтылықты нығайтудың басты құралы. Мұндай сессиялар – бірлік пен келісімді сақтау жолындағы нақты қадамдардың айғағы, – деді ол.

Сессия барысында түрлі бағыттағы бастамалар ұсынылып, тәжірибе алмасу форматында мазмұнды кездесулер өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *