24 қараша күні А. Байтұрсынұлы атындағы мектепте жастар арасында ата-баба мұрасын насихаттау, мәдени және ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатында «Ата дәстүрі – ұрпаққа аманат!» атты Ақ бата байқауы өтті. 5-6-сыныптың 5 оқушысы аталарымен бірге ізгі тілекпен, жақсы тілек сөздерімен айтылатын халық дәстүрі мен бата бере білуден сайысқа түсті. Қазылар алқасының мүшелері – қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері – байқауға қатысушыларды «Ақылды ата, алғыр бала», «Данагөй ата, дарынды бала», «Білімді ата, білгір бала», «Батагөй ата, білімді бала», «Ұшқыр ойлы ата, ойшыл бала» номинациялар бойынша бағалап, дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады.
Сайыс Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, қалалық ардагерлер ұйымының 50 жылдығына арналған және «Зейнеткерлік жастағы азаматтарды, оның ішінде ардагерлерді қаланың қоғамдық өміріне белсенді тарту деңгейін арттыруға, сондай-ақ «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының тұжырымдамалық негіздерін іске асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» Рудный қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысың іске асыру шеңберінде өткізіледі. Шараны Рудный қалалық ардагерлер кеңесі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырып, өткізді.