Ағылшын тілін тиімді үйрету жолдары

Әлемдік білім беру үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға баса назар аударылады. Оқыту процесіндегі нәтиже ең алдымен функционалдық дағдылардан көрінеді. Сондықтан, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және оны ағылшын тілі грамматикасын үйретумен тығыз байланыстыратын сабақтар жүйесі жасалды.

Сабақтар тізбегінің, яғни авторлық бағдарламаның өзектілігі — баланың жеке басының шығармашылық дамуына, білімінің тереңдеп, тілдік дағдыларының артуына себеп болуы және көмектесу. Жетінші сыныптарға арналған құрал, оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне бағытталған: қарым-қатынас жасау үшін тілді қолдануды мақсат тұтып құрастырылған. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес, оқушыларды ағылшын грамматикасын функционалдық сауаттылық тапсырмалары арқылы кеңінен насихаттап оқыту қажет. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, баланың бойына дамыту бұл бағдарламаның жаңалығы.

Бағдарламаны пайдалану нәтижесінде, оқушылардың тіл байлығы дамиды, тыңдалған шет тілінде мәтінге қатысты мәселелерді талқылауға қатысады. Осының барлығы, авторлық жұмыс, Рудный қаласындағы №13 мектепте сынақтан өткенде анықталды. Сондай-ақ, балалар, алынған ақпаратты талдайды және жүйелейді, қабілеті дамиды, дәйек сөздерді, мысалдарды, фактілерді дұрыс қолдана біледі.өз бетінше әрекет етуді үйренеді. Бағдарламаның әр сабағында сөйлесімді дамытуға көңіл бөлінген. Оқылым, тыңдалым мен жазылым жаттығулары, ойындардың әрқайсысы оқушылардың өз ойын білдіруіне арналып ұйымдастырылған және әрбір әрекеттің кері байланысы болуы қарастырылған. Оқушылардың диалог құрастыру машықтарын жетілдіруге арналған жаттығулар әр сабаққа енгізілген.

Аталған авторлық бағдарлама әртүрлі оқыту технологияларын қамтиды. Көбінесе, Стивен Крашеннің екінші тілді меңгеру теориясына негізделген. Өнер бөліміндегі тақырыптар бойынша, Инге Унг және Шадриковтың жекелей оқыту технологиясына сәйкес, әрбір оқушының жеке дара ерекшеліктері ескеріліп, балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өз бетінше жұмыс істеу,іздену дағдыларын қалыптастыру қарастырылған. Сабақтар тізбегі үшін Л. Занков, Ж.Қараев, В Шаталов және басқа да ғалымдардың еңбектері мен ізденістері, лингвистикалық теориялары мен практикалық көрнекті құралдары пайдаланылды.

Қортындылай келе, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ағылшын тілі сабақтарының ықпалы өте зор деуге болады. Оқушыларға мазмұнды, нәтижеге бағытталған білім беру арқылы, білім сапасын жақсарта аламыз.

Айдархан ОМАРҒАЛИЕВ,

Рудный қаласы білім бөлімінің

«Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп гимназиясы»

 ағылшын тілі мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *