Бүгін облыстық мәслихат сессиясында бюджеттің негізгі көрсеткіштері мен аймақты дамыту жоспары таныстырылды.
Облыс бюджеті:
• 2025 жылы бюджет 606,1 млрд теңгені құрайды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 16,3%-ға, ал биылғы жылмен салыстырғанда 6,2%-ға көп.
Білім беру:
• Соңғы екі жылда қаржыландыру 20%-ға артып, 210 млрд теңгені немесе облыс бюджетінің 35%-ын құрайды.
• 1–4 сынып оқушыларын тегін тамақтандыруға 5,7 млрд теңге бөлінген.
Денсаулық сақтау:
• 2025 жылы бұл салаға 110 млрд теңге бөлінеді, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен жоғары.
• 25 медициналық нысанның құрылысы аяқталады, соның ішінде Қостанай ауданындағы емхана.
• Медициналық техниканы жаңартуға 4 млрд теңге қарастырылған.
Дене шынықтыру және спорт:
• Қаржыландыру 2023 жылмен салыстырғанда 47%-ға өсіп, 20 млрд теңгені құрайды.
Тұрғын үй құрылысы:
• Құрылыс пен инфрақұрылымға шамамен 22 млрд теңге бағытталады.
• Құрай шағын ауданында 12 көпқабатты үй мен 124 жеке тұрғын үй, ал Береке шағын ауданында 5 үйдің құрылысы аяқталады.
• Тобыл қаласының Астана және Бәйтерек шағын аудандарында 30 үйдің құрылысы басталып, 10 үйдің құрылысы аяқталады.
Жол инфрақұрылымы:
• 2025 жылы жол жөндеуге 93 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп.
• 362 көше мен 80 елді мекен кіреберісін жөндеу жоспарлануда.
Сумен жабдықтау:
• 13 млрд теңгеге жуық қаражат 30 жобаға бағытталады, бұл ауылдарды сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.