2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет басшысының тапсырмасымен «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы іске қосылады. Оның шарты бойынша барлық кәмелетке толмағандар жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызын алатын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының хабарлауынша, өткен жылдары балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің бір бөлігі ретінде инвестицияланып, нәтижесінде қосымша табыс болады.
Төлемдерді алу үшін ата-ана не істеу керек?
2006 жылы және одан кейін туған балалардың, оның ішінде қорғаншылыққа/қамқоршылыққа тағайындалған балалардың заңды өкілдері бүгінде «Балаларға арналған ұлттық қор» қор бағдарламасына қатысуды қамтамасыз ету үшін не істеуі керек:
- Баланың жеке басын куәландыратын құжатты (балалардың азаматтығын анықтау үшін), оның ішінде ЖСН алу керек.
- Мәліметтердің болуын және дұрыстығын тексеру: тегі, аты, әкесінің аты; туған жылы; кәмелетке толмаған баланың ЖСН және азаматтығы.
- «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Балалар туралы ақпарат» бөліміндегі жеке кабинетте балалар туралы ақпараттың бар-жоғын тексеріңіз.
Аталған төлем қайда түседі?
Жобаның негізгі жүзеге асырушысы мақсатты жинақтардың есебін жүргізетін және төлемдерін жүзеге асыратын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ). Мақсатты талаптар мен мақсатты жинақтарды есепке алу доллармен жүргізілетін болады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында баланың Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) пайдалана отырып, оның нысаналы талаптарға қатысушылар санатына қосылуы туралы ақпаратты тексеріп, аударым сомасын білуге болады.
Бұл ретте балалардың заңды өкілдері egov.kz сайтындағы жеке кабинетін де тексере алады: «балалар туралы мәліметтер» — бөлімінде әрбір жыл үшін талаптардың сомасына есептелген нысаналы талаптардың және инвестициялық табыстың сомалары туралы деректер.
Ақшаны қашан алуға болады?
Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мен инвестициялық табыс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады. 18 жасқа толғаннан кейін қаражатты екі мақсатқа пайдалануға болады:
- тұрмыс жағдайын жақсарту үшін:
- «Қазпочта» АҚ және екінші деңгейлі банктер болатын уәкілетті операторлар арқылы оқу ақысын төлеуге.
- Айта кетейік, ақша аударылғаннан кейін бұл қаражатқа инвестиция тоқтататылады.
Қандай жағдайларда аударым тоқтатылады?
Мақсатты талаптарды есептеу жобаға қатысушы қаза болған немесе қаза болды деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген және азаматтығын жоғалтқан жағдайда тоқтатылады. Қайтыс болған жағдайда мұрагерлер заңда белгіленген тәртіппен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мақсатты жинақтарды алуға өтініш бере алады.
Қандай жағдайларда жинақталған қаражатты алу мүмкін болмайды?
Қазақстаннан басқа елге мекенжайын ауыстырған адамдар Ұлттық қор қаражатын пайдалану құқығынан айырылады.
Егер бала кәмелетке толған соң 10 жыл ішінде мақсатты жинақ талап етілмесе, олар оның жеке зейнетақы шотына түседі. Ал оларды алу еліміздің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.