Қостанай облысы Рудный қаласының «1-мөлтекаудан» БПҰ ұйымы 2012 жылдың 5 қаңтарында қалыптасты. Ұйым Рудный қаласының Жастар ресурстық орталығында орналасқан. Ұйымға мен, Бірманова Қымбат Исланбекқызы 2012 жылдың жылдың наурыз айынан жетекшілік етемін.
Бастапқы кезде ұйым құрамында 190 партия мүшесі болса, қазір олардың саны 316 адамды құрайды. БПҰ әйелдер саны-248, жасы бойынша 35 жасқа дейінгі-105 адам. 18 партиялық топтан тұратын ұйым мүшелерінің негізгі бөлігі білім беру саласында және мемлекеттік қызметте еңбек етеді. 2023 жылғы 958700 теңгеге жоспарланған партиялық жарна 100% орындалып, 959117 теңгені құрады.
Қаламызда 21 мектеп, 16 мектепке дейінгі ұйым бар. Соңғы 3 жылда аралас мектептер саны 4 мектепке артты. «Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры, Қазақстан халқына қоғамдық қорының тірек мектептердің әлеуетін арттыру бойынша 250 млн теңгеге Би-аға атындағы №7 мектеп гимназиясының материалдық базасы толықтай жабдықталды.
Әлеуметтік жауапкершілікті ұстана отырып, 87 оқушы бала оқу-құралдарымен қамтамасыз етілді. Қоршаған ортаны қорғау мақсатымен сенбіліктер ұйымдастырылып тұрады. «Тобыл» жағалауын көктем айында екі рет, күз айында бір рет қоқыстан тазалау жұмыстары атқарылып, 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Мектеп аулаларына, қаламыздағы Комсомол даңғылы, Франко,Маритэ-Бежите көшелерінің бойына 437 түп көшет отырғызылды.
БПҰ-да азаматтарды қабылдау мекемесі болмаса да, азаматтармен жеке жұмыстар жүргізіліліп тұрады. Нәтижесінде 2023жылдан бастап ағымдағы жыл аралығында 19 адам жұмыспен қамтылды.
«AMANAT» партиясының қоғамдағы ең басты саяси күшке айналып, халықтың қолдауына ие болуына осы бастауыш партия ұйымдарының қосар үлесi мол.
БПҰ мүшелері кез-келген бастаманы қолдап, қызығушылық танытып отырады.
Жұмыс жоспарымызда ҰОС ардагерлеріне,балалар үйіне,қарттар үйіне бару,оқыту-семинарлар, дәрістер,конкурстар,спорттық іс-шаралар өткізу және т.б тәрізді іс-шаралар қамтылған.Республикалық, облыстық бсылымдарда, БАҚ-та кең көлемде партия жобалары аясындағы жұмысымыз туралы жарияланымдарымыз бар.
БПҰ жұмысын жандандыру. Оның мүшелерінің бірлігі мен ынтымағын күшейту, қоғамдағы беделін көтеру мақсатында Партиялық жобаларды іске асыру жұмысы жүргізілуде: «Бақытты отбасы» жобасы аясында БПҰ мүшелері 12 ұстаздар әулетіне азық-түлік себетін тарту етті. Облыстық кезеңде БПҰ мүшесіндегі отбасына 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.
«Балаларды қорғау күніне» орай 332 бүлдіршінге тәтті сыйлықтар беріліп, зияткерлік ойындар өткізілді. «Ахаңа тағзым» ғылыми-зерттеу жобасы аясында 15 білім алушыға және 13 БПҰ мүшелеріне киелі Торғай жеріндегі Жангелдин ауданының мұражайлар кешеніне, Кейкі батыр, Ахмет Байтұрсынұлы кесенелеріне экспедиция ұйымдастырылды.
«Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында 11 ардагердің аулаларын абаттандыру, қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізіліп, көктемгі маусымда көкөністер отырғызуға көмек көрсетілді. Қаламыздағы қарттар үйіне және жетім балалар үйіне арнайы концерттік бағдарламамен барып тұрамыз. Оларға қолөнер бұйымдары мен тәтті сыйлықтар тарту етілді.
«Кедергісіз келешек» жобасында мүмкіндігі шектеулі 3 білім алушыға, 4 ересек мүгедек жандарға 145 мың теңге сомасында ақшалай көмек көрсетілді. Инклюзивті білім беруді енгізу бойынша «Wireless Digital Magnifler» көру қабілетін түзеуге бағытталған құрылғы орнатылып берілді, 2-мүгедектік санаты бар 2 азамат қаладағы мектептердің күзет қызметіне жұмысқа орналастырылды. Қайырымдылық жобаларымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі теннис, волейбол, тоғызқұмалақ, асық ату, шахмат ойындары өткізіліп тұрады.
Айта кету керек, бұл жобалардан басқа БПҰ мүшелерінің бастамасымен қала тұрғындары арасында электронды қызмет түрлерімен, цифрлық мультимедиалық құралдармен оңай әрі тиімді жұмыс жасауға үйрету мақсатында «Цифрлы оқыту драйвері» атты семинарлар, коучингтер жүргізілді, тіл үйренем деушілерге тегін тілдік курстар ұсынылды, оқырмандарға арналған «Кітап сыйла», экология сақтауға бағытталған «Таза қала» акциялары, қала тұрғындарына арналған «Дарабоз» зияткерлік ойындары партияластарымыздың арқасында іске асырылды.
Бастауыш партия ұйымдарының тиімділігін арттыру партиямыздың негізгі басымдықтарының бірі екені баршаға белгілі.
Қазақтың берекесі тарқамаған,
Сенімі осы ел-жұрттың анталаған!
«AMANAT» партиясынан үміті зор,
Халықтың аманатын арқалаған!
Бірманова Қымбат Исланбекқызы
«AMANAT» партиясы Рудный қаласы №1 шағын ауданының бастауыш партия
ұйымының төрайымы