Бизнесіңді кеңейтетін кез келді

Гранттардың екінші легінің қорытындылары белгілі болды

Жаңа бизнесті іске қосу және дамыту үшін мемлекеттік гранттарды бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Грант қаражаты әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға өздерінің іскерлік әлеуетін жүзеге асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, осылайша тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, грант өтеусіз негізде беріледі, оның мөлшері 400 АЕК (1 476 800 теңге) құрайды. Әрбір қатысушы оны тек бір рет қана ала алады.

Биыл Рудный қаласына барлығы 17 грант бөлінді. Гранттардың бірінші легін бөлу маусым айында өтті. Сол кезде 27 өтінім түсіп, тоғыз грант бөлінген болатын. Екінші ағымға өтінімдерді қабылдау 15 шілдеде business.enbek.kz порталында ашылды. Бұл жолы Рудный қаласынан 16 үміткер тіркеліп, 12 адам өз жобаларын қорғауға келді. Осыдан кейін комиссия үш жұмыс күні ішінде ұсыныстарды қарап, шешім қабылдады.

Өз ісін дамыту үшін грантты Асель Космухамбетова – «Балаларды дамыту студиясы» жобасымен, Луиза Регер – «Бала күндізгі уақытқа арналған студия», Оксана Юсупова – «Берекелі ас» орталығының жұмысын ұйымдастыру, Асемнур Исаева – «Мұздатылған жартылай фабрикаттар», Маржан Сундэтбаева – «Аспаздық өнімдерді өндіру», Актоты Карлова – «Ата-бабалардың отбасылық шежіресі» кәсібін лазерлік кесу технологиясымен ұйымдастыру, Перизат Әбикен – «EVA төсеніштерін өндіру», Газиза Курманбаева – «Ұлттық киім, сән үйі» жобаларымен иеленді.

Ең жарқын презентация Газиза Курманбаеваныкі болды, ол жобаны қорғауға өз қолөнер туындыларын әкелді. Жарқын тастармен кестеленген әйелдердің бас киімдері, балалар киімдері… Ол бұл іспен үйде айналысады, шығармашылық қызметі барысында Инстаграм парақшасы арқылы өзін таныта білді. Енді кеңейіп, жаңа деңгейге шығатын кез келді.

Луиза Регер де өз бизнесін кеңейтуді көздеп отыр. Бұған дейін оның мүмкіндіктері үймен ғана шектелген болса, енді ол серіктестерімен бірге ісін кеңейтпекші. Сөзсіз, балалардың күндізгі уақытқа арналған студиясы рудныйлықтар арасында сұранысқа ие болады.

Актоты Карлова екінші рет өтінім беріп отыр. Қыз бала күйеуімен бірге қабырғаға арналған сыйлық әшекейлерін жасау үшін лазерлік станок сатып алғысы келеді. Бұл жолы ол грантты жеңіп алды.

Екінші ағым қатысушыларының өз ісін қалай дамытатынын көру қызықты болмақ.

Мемлекеттік гранттардың келесі легі 2025 жылы өтеді. Сондықтан бизнес идеяны ойластыруға уақыт бар. Комиссияның бағалайтыны: орынжайдың болуы, жұмыс орындарын құру, жобаның өзектілігі мен перспективалығы.

Естеріңізге сала кетейік, грант алу үшін жұмыссыз немесе үш жылға дейінгі жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет. Үміткер келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс:

  • көпбалалы тұлғалар – көпбалалылық бойынша жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы),
  • қоныс аударушылар және олардың еңбекке жарамды отбасы мүшелері,
  • мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар (жұбайы, зайыбы),
  • аз қамтылған тұлғалар – атаулы әлеуметтік көмек алушылар және олардың отбасы мүшелері,
  • асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар,
  • қандас мәртебесі бар тұлғалар,
  • мүгедектігі бар тұлғалар.

Үміткер «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздеріне оқыту туралы сертификатқа ие болуы тиіс. Грант алуға үміткер тек ерікті қоныс аударуға қатысушылардан басқа, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысушы болмауы тиіс.

Гранттар тек келесі бағыттарды дамытуға беріледі: қажетті инвентарь, еңбек құралдары, технологиялық жабдықтар, жануарлар, мал, құс, көшеттер, бұталар, тұқымдар, көшеттер сатып алу, үй-жайды жалға алуды төлеу.

Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттерді өтеуге, тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдерді өндіруге берілмейді.

Бірінші ағым бойынша Қазақстанда 4500 грант, екінші ағым бойынша 4655 грант берілді.

 

Булат МУСИН, 

Алексей ФРОЛОВТЫҢ суреті

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *