Биыл балалар шотына 700 миллион долларға жуық қаржы аударылады

Ұлттық банк 18 жасқа дейінгі балалар шотына бөлінетін қаржыны салыстырып, тексеріп жатыр

«Қазір бізге түскен мәліметтерді тексеріп жатырмыз, ол бағдарламаның операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ). Біз салыстырып тексереміз, база ауқымды. Әділет министрлігі мен Азаматтарға арналған үкіметтің базасы бойынша біздің жүйеге кіретін 7 миллионға жуық бала бар», — деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов банкте өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, бүгінде әр балаға шот ашылды, салыстырудан кейін ол толығымен іске қосылады.

«2024 жылы 700 миллион долларға жуық қаржы 18 жасқа дейінгі балалар шотына бөлінеді», — дейді ол.

KAZINFORM

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *