Сәуір айының соңынан бері «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1960 өтініш келіп түскен.
Құжаттар 25 қазанға дейін үздіксіз қабылданады. Құжаттарды қабылдау egov.kz порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылып жатыр.
Инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға ерекше көңіл бөлініп отыр.
«Болашақ» стипендиясы келесілерге жеңілдікті квоталарды ұсынады:
- инженерлік-техникалық қызметкерлер,
- медициналық мамандар,
- ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер.