Рудный қалалық “Нұр” мешітінде Мәуліт мерекесіне орай Дамира Ибрагимнің “Адамзаттың асыл тәжі” кітабы бойынша жарыс өтті
Бұл кітапта Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) дүниеге келгенге дейінгі Арабстанның жалпы жағдайы, Пайғамбардың дүниеге келуі, балалық және жастық шағы, пайғамбарлықты қабылдап алуы, алғашқы мұсылмандардың басынан кешкендері және Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) 622-623 жылдар аралығындағы Мәдинаға көшіп барғаннан кейінгі өмір жолы қызықты оқиғалар желісімен жатық тілде баяндалады.
Осы интеллектуалды сира жарысына Қостанай облысының 19 қала және аудандық мешіттерінен қатысушылар келді. Бұрын соңды облыс бойынша осындай ойындар өтсе, біздің қаламыздағы мешіт қабырғасында алғашқы өтуі. Инттеллектуалды іс-шараның мақсаты — пайғамбарымыздың с.а.у өмірбаяның қалын жамағатқа насихаттау, мешіт шәкірттерінің білімін жетілдіру және тәлім-тәрбие беру.
Сайыстың ашылу салтанатында Рудный қалалық “Нұр” мешітінің бас имамы барлық қатысушыға өзінің ыстық лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Сонымен қатар білім алудың және ілім іздеудің пайдасы жайлы насихат айтты.
Бақ сынасып білімдерін тексеру үшін қатысушылар бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы сайыста 3 сұрақтан құралған билет таратылды. Екінші кезеңде қатысушылар білім деңгейін, сөйлеу мен ойлау қабілетін дәлелдеу үшін сұрақтарға жазбаша жауап берді. Сайыстың әділ қазылар алқасы қатарында Қостанай қалалық “Марал Ишан” мешітінің бас имамы Уалиев Бектұрсын, Қостанай облыстық “Аймағанбет қажы Спанұлы” мешітінің найб имамы Туребаев Тимур мен Б. Майлин аудандық “Әйет” мешітінің бас имамы Хамзин Ислам болды.
Жарыс қатысушылары өз білім деңгейлерін жоғары екенін дәлелдеді. Барлығы сұрақтарға оңай, әрі тез жауап берді. Рудный қалалық “Нұр” мешітінің бас имамы Сабыржан Есмурзинның айтуынша, ислам діні әр адамды кітапқа, білімге жақын болуын шақырады. Көп ізденіп, жаңа ақпараттарды білуге мүмкіндіктер береді. “Адамзаттың асыл тәжі” кітабы да шәкірттерге ой-өрісін кеңейтіп, дұрыс жолдан адаспай жүруіне көмектеседі. Сайыс соңында әділ қазылар өз шешімдерін ортаға салды. 1- ші орынды Рудный қаласынан Мұратхан Дәулетбай Намазбайұлы, 2-ші орынды Лисаков қаласынан Баймағамбетов Ербол, 3-ші орынды Б.Майлин ауданынан Нұрдәулет Қазыбекұлы иеленді.Жеңімпаздармен барлық қатысушыларға қаржылай сый-сыяпатпен мадақтамалар табысталды. Шара соңында дастархан жайылып түскі ас берілді, осылайша жиналған жамағат ризашылықпен тарқасты.
«Нұр» мешіті әрқашанда интеллектуалды бағытта жұмыс жасауға асық. Осыған дейін, қыз-келіншектер арасында сайыстар өтсе, бүгінгі күні ер кісілер арасында. Алдағы уақытта жеңімпаздар республикалық деңгейде іс-шараларға қатысатын болады.
Сания Сактаган