Білім додасында оза шапты

Биылғы оқу жылының аяқталуы қарсаңында ҚР БжҒМ «Дарын» РҒПО ұйымдастырған пәндік олимпиадалардың қорытынды кезеңдері өтті. Онда рудныйлық оқушылар да үздіктердің қатарынан көрініп, қанжығаларын майлап қайтты.

Мысалға, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалдық олимпиаданың облыстық кезеңіне Б.Майлин атындағы қара шаңырақтың 4 білімпазы қатысып, нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10 сынып оқушысы Жібек Нұралы 3-орын (жетекшісі Қ.И.Бірманова), Қазақстан тарихы пәні бойынша 11-сынып оқушысы Ердібай Жақсылық жүлделі 2 орынға ие болды (жетекшісі А.М.Қайдарбекова).

Олимпиаданың шешуші кезеңінде Ердібай Жақсылық дарынды балаларға арналған мектептер, НЗМ, Білім-ИННОВАЦИЯ, Озат, Абай атындағы мамандандырылған мектептермен тең иық тіресе отыра, бәрінен біліммен оза жүлделі 1 орынды иеленді.

Биология пәні бойынша Би-аға мектебінің 7 сынып оқушысы Дана Бакирова жасөспірімдер олимпиадасының
облыстық кезеңінде жүлдегер атанып, 11-13 мамыр күндері Шымкент қаласында өтетін республикалық олимпиадаға  жолдама алды. Сонымен қатар осы оқушы биология пәндері бойынша 7-8 сыныптар арасында І өңірлік жасөспірімдер олимпиадасына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласында дүбірлі білім додасында бақ сынайды.

Бәрекелді! Іске сәт!

Айзат ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *