Бірлік күні қарсаңында Абай Құнанбаев атындағы №18 мектепте оқушылар арасында «Қазақстан халқы: мәдениет, салт-дәстүрлер» зияткерлік турнирі өтті. Бұл іс-шара «Бақыт біздің бойымызда» қоғамдық қорының бастамасы аясында ұйымдастырылды. Турнирге 8-сынып оқушыларынан тұратын «Достық», «Бірлік» және «Ынтымақ» командалары қатысты.
Мектеп директоры Айзат Ерғазинаның айтуынша, шараның міндеті — оқушыларда басқа халықтардың рухани байлығын құрметтеуге және өз халқының өнерімен, тілімен және дінімен танысуға тәрбиелеу. Қазақстанның әрбір тұрғынының ұлтына немесе дініне қарамастан, мәдениеттің өзіндік дамуына құқығы бар екеніне ерекше назар аударылатын болады. Жалпы интелектуалды ойын 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең таныстыру. Онда әр топ топ атын, ұраның және әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киім үлгісінде құттықтау өлеңдерін оқыды. Әділ қазылар алқасының мүшесі, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сүндет Молдашев осындай шаралардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны зор екендігін атап өтті.
— Қазақ халқының мәдениетін насихаттау, ұлттық құндылықтарын ұлықтау мақсатында кезекті жақсы шара ұйымдастырылды.еліміздегі қаншама ұлттардың бірлігі, ниеті, тілегі бір деген ойдамыз.осындай жиындарға белсенді қатысып жүрміз. 18 мектеп оқушыларының алғыр, шығармашыл деп естіп жүрмі. Менің де немерелерім осы мектепте білім алуда. Ұйымдастырушы мектеп ұжымына алғыс білдіреміз. Болашағы жарқын мемлекетіміздің болашы сіздер. Сол үшін бірлік, ынтымақтастықтарын мәңгі болу керек. Әр елдің тілін, мәдениетін танып білімдерінді шыңдай беріңдер!,-деп тілек білдірді жергілікті ақын, ойын төрешесі.
Бұл іс-шара ұлт бірлігін қамтамасыз етуге және қазақстандық патриотизмді нығайтуға және қоғамды шоғырландыруға, этносаралық қатынастар мен толеранттылықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізуге бағытталған жоба аясында қоғамдық қорымен мектеп ұжымының бірлесуімен жүзеге асқан.
– Зияткерлік ойын Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша «Оралмандарды қоғамға әлеуметтік интеграциялауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға» бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде өткізілді. Жоба оқушылардан бастап зейнеткерлер арасында басқа ұлттардың рухани байлығын құрметтеуге тәрбиелеу, әр этностың өнерін, оның рухани байлығының негізін, өз халқының тілі мен дінін білу мақсатында жұмыстар жасайды. Іс-шара аясында этникалық шығу тегі мен дініне қарамастан елде тұратын әрбір адамның өз мәдениетін, дәстүрлері мен тілін дамытуға құқығы бар екеніне ерекше назар аударылды. 18 мектеп — көпұлтты мектеп деп айтуға негіз бар. өйткені, көріп отырғанымыздай әртүрлі ұлт өкілдерінің ұрпағы білім алуда.барлығы әдемі ұлттық киімдерімен, өнерлерімен дайындалып келген,- деп тоқталып өтті мемлекеттік қызмет ардагері, қоғам белсендісі Ләйлә Қапанова.
Ары қарай оқушылар салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдердің жалғасын табу сынды кезеңдерден өтті. Зияткерлік ойынның нәтижесі бойынша ең көп ұпай жинап, білгірліктерімен өнерлерімен ерекшеленген Ынтымақ тобы 1 орынды иеленді. «Бақыт біздің бойымызда» ҚҚ өкілі Ирина Федерчук оқушыларды құттықтап, сыйлықтармен марапаттарын табыс етті.
Біздің үлкен көпұлтты Қазақстан республикасында үлкен достығы жарысқан отбасы бар. Сондай отбасы біздің Рудныйда да бар. Бұл отбасы әр жыл сайын жаңа мүшелермен толығып отырады. Өз тарихи отанына қайтып оралған қандастарымыз үшін жақсы бейімделу жұмыстарын жүргізу, оларға көмек көрсету біздің қоғамдық қордың негізгі мақсаты болып табылады. Қазір осы бағытта ұлттық мәдениетімізбен дінімізді, тілімізді насихаттау, бірлесу жұмыс жасау және қауіпсіз қоғам құру жолында жұмыстар ұйымдастырылуда. Бүгінгі ойында бізге жас өркендердің өз елінің тарихын, мәдениетін, дәстүрін жетік білетінін көрсетті. Болашақты еліміздің гүлдену жолын қалыптастыру үшін ұлттық құндылықтарымызды білу аса маңызды. Сонымен қатар, барлық ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтей білу қажет. Бүгінгі турнир қатысушылары арасынан үздікті анықтау қиынға соқты. Барлығы жақсы деңгейде дайындықтарын көрсете білді.Қатысушы оқушыларға дайындық үшін алғыс білдіремін, – деп тоқталып өтті «Бақыт біздің бойымызда» ҚҚ өкілі Ирина Федерчук.
Жәнібек ҚАЛАБАЕВ