Осындай атаумен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы тыңдаушылар арасындағы мерекелік іс-шара өткізді
«1 мамыр «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған еліміз үшін бұл мейрамның орны ерекше. Қазақстан халқына бірлік пен татулық идеясын насихаттау мақсатында өткізіліп отырған шараның мақсаты — орталық тыңдаушыларына, тіл жанашырларына мерекелік көңіл-күй сыйлау, әртүрлі ойындар арқылы қатысушылардың тұлғалық қабілетін дамыту, Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет — ғұрпын сыйлауға үйрету. Бейбіт күніміз, бейбітшілігіміз мәңгілік болсын! Барша қала тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтаймын! Еліміздегі ұлттардың достастығы мәңгілік болсын!, — деді орталық басшысы Жанат Балтақызы өз сөзінде.
Қатысушылар алдымен әр ұлттың өкілдері Қазақстан, Үндістан, АҚШ және Ресей мемлекеті топ өкілдері ретінде бақ сынасты. Байқау «Таныстыру», «Сырлы әлем», «Қызық екен» және «Достық пирамидасы» атты 4 кезеңнен тұрды.
Толығырақ «Қала жаңалықтары» бағдарламасынан көре аласыздар. Назарларыңызға мерекелік жиыннан фоторепортаж ұсынамыз.