Велосипед ұрлау – маусымдық қылмыс. Күн жылынғаннан бастап көптеген қала тұрғындары екі дөңгелекті көліктерін айдай бастайды, өйткені велосипедтер тек көлік құралы ғана емес, сонымен қатар өзін — өзі көрсету, спорт және демалыс құралы болып табылады.
Мұны ұрылар пайдаланып қоғамдық орындардан ұрлық жасайды. Негізі көп жағдайда ұрлық түнгі уақытта және үйлердің кіреберістерінен орын алады. Рудный қаласының прокуратурасы велосипедтерді ұрлаудың алдын-алу туралы ескертеді және мүлікті қорғау үшін шаралар қабылдауға шақырады.
Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, көктем-жаз маусымы басталған кезде велосипед ұрлығы күрт артады. Қылмыстың бұл түрінің көбеюі велосипед иелеріне үлкен қиындықтар туғызады және қосымша сақтық шараларын қажет етеді.Осы мақсатты құқық қорғау органы велосипедті ұрлықтан қалай қорғауға болатындығы жайында кеңестер берді.
1.Велосипедтерді көшеде (әсіресе супермаркеттер, дүкендер, подъездердің жанында және азаматтардың жаппай жиналатын жерлерде) қараусыз қалдырмаңыз.
2.Бөлшектерге, дөңгелектерге, жақтауға немесе жасырын велосипед бөлшектеріне ультракүлгін сәуле кезінде көрінетін арнайы маркермен гравюра жасаңыз.
3.Бөгде немесе шала таныс адамдарға велосипедтерді (мопедтерді, самокаттарды) беруге болмайды («қыдырып келемін», дәріханаға, дүкенге барып келемін және т.б. желеу айтса да).
4.Егер, Сіз айдап әкетуге қарсы сапалы құрылғыны пайдаланған күннің өзінде велосипедтерді (мопедтерді, самокаттарды) подъездердегі баспалдақ алаңында қалдырмаңыз. Қазіргі уақытта айдап әкетуге қарсы құрылғының біреуі де велосипедті ұрлаудан 100% сақтауды қамтамасыз етпейді!
5.Велосипедтің (мопедтің) құжаттарын міндетті түрде сақтаңыздар, сондай-ақ рамада ойып жазылған идентификациялық (сериялық) нөмірін суретке түсіріңіз және жазып қойыңыз. Ұрланған жағдайда, оны іздеуге барынша септігін тигізеді.
6.Велосипедтің ерекше белгілерін есте сақтауға тырысыңыз – «бөтен бөлшектер», орнатылған аксессуарлар, стикерлер, сызаттар және басқа зақымдар. Ұрлық жағдайында бұл шаралар іздеуге айтарлықтай көмектеседі және сіздің мүлкіңізді дәлелдеу үшін шешуші болуы мүмкін.
Бұл шараларды қабылдау велосипедті ұрлау қаупін азайтуға көмектеседі. Сақтық — бұл сіздің мүлікті қорғаудың ең жақсы әдісі екенін ұмытпаңыз. Егер сіз велосипедіңіздің айналасында күдікті әрекеттерді байқасаңыз немесе біреудің құлыпты бұзуға немесе ұрлыққа қарсы кабельді жұлып алуға тырысып жатқанын көрсеңіз, бұл туралы дереу полицияға «102» нөміріне хабарлаңыз. Қоғамның құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығы қоғам қауіпсіздігін және мүліктің сақталуын қамтамасыз етудің кілті екенін ұмытпаңыз.
Гүлім МҰРАТ