14 маусым Дүниежүзілік қан доноры күні ретінде атап өтіледі. Бұл мереке қан донорларының қоғамға қосқан үлесін мойындау және алғыс білдіру мақсатында өткізіледі. Әр бейсенбі сайын Облыстық қан орталығының дәрігерлер бригадасы Рудный қалалық ауруханасының инфекциялық бөлімшесінің базасында донорларды күтеді. Біздің қалада қан тапсырғысы келетіндер саны айтарлықтай жоғары, әр түрлі жастағы адамдар бұл іс-шараға белсенді қатысады.
Жыл сайын Дүниежүзілік донорлар күніне орай қан тапсыру пунктіне келгендер үшін сыйлықтардың демеушілері болып түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар қосылады. Биылғы жылы бұл шараға алғаш рет «Халық-Life» сақтандыру компаниясы қатысуда. Бұл компания қазақстандықтардың өмірін сақтандыру бойынша жұмыс жүргізетін «Халық банктің» еншілес кәсіпорны.
«Халық-Life» өмірді сақтандыру компаниясы филиалының директоры Маймыш Байгабулованың өзі де белсенді донор. Ол күйеуімен бірге Қостанайдағы қан тапсыру миссиясына тұрақты түрде қатысып келеді.
— Өмір мен денсаулық — адам бойындағы ең құнды нәрсе, — дейді Маймыш Байғабылова. — Біздің мақсатымыз – әр адамның өмірін, денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету. Сондықтан біз осы іс-шараның демеушілері болып отырмыз. Биыл алғаш рет қатысып отырмыз. Сондай-ақ, біз қан тапсыратын барлық қатысушыларға қан орталығының логотипі бар және біздің компанияның логотипі бар брендті футболкаларға тапсырыс бердік.
Әрбір донордың бұл іс-шараға қатысу арқылы өз мақсаты бар. Мысалы, № 11 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Полуян жылына екі рет қан тапсырады.
— Мен төртінші жыл қатарынан қан тапсырып жүрмін. Мен қанымды жаңартып, аз ауырып, өзімді жеңіл сезіну үшін тапсырамын. Маған өте ұнайды, — дейді ол. — Денеде жеңілдік пайда болады.
— Сіз қандай да бір түрде ынталандырылдыңыз ба?
— Иә, бізге жұмыста екі күн демалыс беріледі. Аз ақша сомасы мен тәттілер де ынталандырады. Менің ойымша, әркім донор болуы керек. Бұл әр түрлі өмірлік жағдайға тап болған адамдарға шынайы көмек. Егер менің қаным таза болса және ол сәйкес келсе, неге бермеске? Қатысуға кеңес беремін, келіңіздер және қан тапсырыңыздар!
— Сізге қан қабылдаудан бас тартқан кез болды ма?
— Жоқ, ешқашан бас тартқан емес. Алғаш рет 3 жыл бұрын келдім, бұл төртінші жыл. Мен, әрине, уайымдадым. Гемоглобин төмен болса, қант диабеті болса, қан тапсырмайды. Бірақ менде бәрі жақсы болды! Менің үш балам бар, қыста күйеуімді алып келдім, оны да ынталандырғым келді, бірақ ол әлі нақты шешім қабылдамады.
Жаңабай Хамзин өзінің қанын 90-шы жылдардан бері беріп келе жатқанын айтады.
— Мен білмеймін, мен есептен адасып кеттім, — деп күледі ер адам. — Мен тұрақты донормын, екі айда бір рет келемін. Жіберіп алмаймын, жиі келемін.
— Ал сіздің мақсатыңыз қандай?
— Менің қаным біреуге пайдалы болуы мүмкін, біреуге көмек болар. Өз денсаулығым үшін де пайдалы. Қан тапсырғаннан кейін өзімді жеңіл сезінемін.
— Сіз отбасында жалғыз қан тапсырасыз ба?
— Жоқ, менің балаларым да, қыздарым да тапсырады. Жұбайым да жиі қан тапсырады!
Бұл күні барлық донорлар демеушілерден сыйлықтар алды. Сирек кездесетін қан тобының иелеріне және тәжірибелі донорларға арнайы сыйлықтар – суды тазартуға арналған сүзгілер және химиялық жиынтықтар берілді.
Кез-келген сау адам, егер ол 18 жастан асқан болса, донорлыққа қарсы көрсетілімдері болмаса және салмағы 50 кг-нан асса, донор бола алады. Донор болу арқылы сіз біреудің өмірін құтқаруға үлес қосасыз.
Булат Мусин