Дін-діңгегім, дәстүр-тірегім

Ұлыстың ұлы күні саналған Наурыз – күллі парсы және түркі жұртының мерейлі мерекесі. Мұсылмандықты, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты бекем ұстанған қазақ халқы бұл күнді ерекше дайындықпен өткізеді. Мысалға, Рудный қалалық «Нұр» мешіті «Дін-діңгегім, дәстүр-тірегім» атты мерекелік іс-шараны ұйымдастырды.

«Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері-ай» демекші, әйел жамағаты ұлттық салт-дәстүрлерімізді паш етіп, түрлі сахналық қойылымдарға көңіл бөлсе, ерлер қауымы садақ ату, қол күресі, асық сияқты спорттық ойындарында бағы мен бабын сынады.

Айта кету керек, «Нұр» мешіті қаламызда өткізілетін барлық қоғамдық, мәдени және спорттық шаралардың белсенді қатысушысы, әрі бастамашысы. Әсіресе, қайырымдылық акцияларын жиі өткізіп, шама-шарқынша мұқтаж жандардың қасынан табылып жүр.

Мерекелік шаралардан кейін жамағат ақ дастархан басына жиналып, наурыз көжеден дәм татты. Бір-біріне ақ жарма тілектерін арнап, наурыз бата айтылды.

Айзат ИБРАГИМ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *